Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр: сұраныс 25%-ға өсті

Фото: https://www.shutterstock.com/

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда теңгеге шаққанда АҚШ доллары бағамының біртіндеп төмендеуі байқалады, яғни ұлттық валюта нығайып келеді. Доллардың орташа бағамы қаңтардағы 507,6 теңгеден ақпанда 495,9 теңгеге дейін төмендеді. Ақпан айындағы және наурыздың бірінші жартысындағы күнделікті көрсеткіштер де жағдайдың біртіндеп тұрақталып келе жатқанын аңғартады: бағам негізінен 489–501 теңге аралығында болды, ал 18 наурызға қарай ресми бағам 1 АҚШ доллары үшін 480 теңгеден төмендеді. Мұндай көрсеткіштер 2024 жылдың соңынан бері болмаған.

Түсіну үшін айта кетейік: жалпы 2025 жылы доллар бағамы жоғары құбылмалылық танытты. Қаңтарда бағам 524,7 теңгеге жетіп, содан кейін түзету басталды: наурызға қарай көрсеткіш 498 теңгеге дейін төмендеді. Алайда жыл бойы ұлттық валютаның әлсіреуінің жаңа кезеңдері байқалды. Жазда және күздің басында бағам қайтадан 530 теңгелік белгіден асып, қыркүйекте ең жоғары шегі — 540,7 теңгеге жетті. Жыл соңына қарай ұлттық валюта позициясын ішінара қалпына келтіріп, желтоқсанда 1 АҚШ долларының орташа бағамы 511,5 теңгені құрады.

Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр: сұраныс 25%-ға өсті

Доллар бағамының төмендеуіне байланысты Қазақстандағы валюта айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатып алуға сұраныстың артқаны байқалды, өйткені сатып алушылар үшін бағам тиімдірек бола түсті. Мәселен, 2026 жылғы қаңтар айында айырбастау пункттерінің нетто-сатылымы 150,3 млрд теңгені құрап (өткен жылғы 120,4 млрд теңгемен салыстырғанда), бірден 24,8%-ға өсті.

Нарықтың аймақтық құрылымында бұрынғыша жоғары шоғырлану байқалады. Операциялардың негізгі көлемі мегаполистерге тиесілі. Әдеттегідей Алматы қаласы көш бастап тұр: 2026 жылғы қаңтарда оңтүстік астанада АҚШ долларын сату көлемі 58,7 млрд теңгеге жетті — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі еседей көп (30,3 млрд теңге). Екінші орынды 19,3 млрд теңге көлемімен Астана иеленді, бұл 2025 жылғы қаңтарға қарағанда 62,9%-ға жоғары.

Бұл ретте Шымкент қарама-қайшы динамика көрсетті. Қаңтарда бұл мегаполистегі нетто-сатылым көлемі (өткен жылғы 29,1 млрд теңгемен салыстырғанда) 47%-ға қысқарып, 15,6 млрд теңгені құрады.

Өңірлер арасында АҚШ долларына сұраныстың айтарлықтай өсуі Батыс Қазақстан (3 есе), Түркістан (2,7 есе) және Жамбыл (2,4 есе) облыстарында байқалды.

Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр: сұраныс 25%-ға өсті

Халық тарапынан долларға деген сұраныстың өсуіне байланысты шетел валютасындағы қаражатты қайда және қалай сақтау керек деген мәселенің де өзектілігі артты.

Әдетте, валютаны жинақ ақшаны сақтау және көбейту үшін сатып алады, сондықтан табыстылық құралды таңдау кезіндегі негізгі фактор болып қалады. Алайда, үйреншікті сақтау тәсілдері біртіндеп өзектілігін жоғалтуда. Мысалы, қолма-қол шетел валютасын «жастық астында» сақтау ұрлық пен қоршаған ортаның әсерінен зақымданудан бастап, құнсыздануға дейінгі бірқатар тәуекелдермен ұштасады, өйткені инфляция тек теңгеге емес, долларға да әсер етеді.

Ең көп таралған жинақтау құралы — банктік депозит те жеткілікті табыстылықты қамтамасыз етпейді. Қазақстандағы долларға тәуелділікті төмендету саясаты аясында шетелдік валюта салымдары бойынша мөлшерлеме әдетте 1%-дан аспайды, сондықтан олар жинақ үшін тиімсіз.

Бұл ретте банк секторында шетел валютасында инвестициялауға арналған баламалы шешімдер бар.

Мысалы, Home Credit Bank-те АҚШ долларымен жылдық табыстылығы шамамен 6,5% құрайтын дисконттық облигацияларға қаражат салуға болады. Инвестициялау мерзімі 12 айға дейін, ал ең аз салым сомасы 1 000 АҚШ долларынан басталады. Қарапайым тілмен айтқанда, облигация — бұл іс жүзінде банкке берілген қарыз: клиент қаржы институтына белгілі бір мерзімге қаражат береді, ал банк оны пайызымен қайтарады.

Жалпы алғанда, бұл өнім қарапайымдылығымен, түсінікті механизмімен, сондай-ақ тиімді мөлшерлемесімен ерекшеленеді. Тағы бір артықшылығы — брокерге жүгінудің және сатып алу үшін комиссия төлеудің қажеті жоқ.

Облигацияларды Home Credit Bank-тің Home.kz мобильді қосымшасы арқылы немесе кез келген бөлімшесінде жылдам әрі ешқандай қиындықсыз сатып алуға болады. Қосымшада бұл процесс былай жүзеге асырылады:

  • қосымшаны жүктеп алып, тіркеліңіз (Google Play, App Store);
  • АҚШ долларымен шот ашып, оны өзіңізге ыңғайлы тәсілмен толтырыңыз;
  • «Мен үшін» бөліміне өтіңіз, «Облигацияларды» таңдап, қажетті санын көрсетіңіз;
  • сатып алуды растаңыз — қаражат долларлық шоттан есептен шығарылады.
    Қосымша арқылы облигацияларды жұмыс күндері сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін сатып алуға болады.

Сондай-ақ Home Credit Bank ұлттық валютада 5 жыл мерзімге 5 млрд теңге сомасына облигацияларды сәтті орналастырғанын атап өтейік. Банк үшін бұл осындай ұзақ мерзімге жасалған алғашқы мәміле болып табылады, бұл өз кезегінде оның қорландыруын дамытудағы маңызды кезең. Орналастыру мөлшерлемесі жылдық 18%-бен ресімделді, бұл инвесторлар тарапынан қаржы институтына берілген жоғары бағаны көрсетеді. Нарық қатысушыларының Home Credit Bank-ке ұзақ мерзімге өтімділік ұсынуға дайындығы және олардың жоғары сенім деңгейі ерекше назар аударуға тұрарлық. Сондай-ақ бұл мәміле қорландыру көздерін әртараптандыруда, ұзақ мерзімді ресурстық базаны нығайтуда және банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруда маңызды қадам болып табылады.

Қазақстандықтар доллар сатып алып жатыр: сұраныс 25%-ға өсті

Түрлі қаржы компаниялары ұсынатын басқа да валюталық инвестициялық өнімдер бар.

Мысалы, өмірді сақтандыру нарығында компаниялар АҚШ долларымен жинақтаушы сақтандыру өнімдерін ұсынады. Мұндай шешімдер екі компонентті — сақтандыру қорғанысын және табыс алуға мүмкіндік беретін жинақтаушы бөлікті қамтидыі. Алайда, өнімнің ерекшелігіне байланысты бұл, әдетте, ұзақ мерзімді инвестиция екенін ескеру маңызды. Бүгінгі таңда жекелеген сақтандыру компаниялары жылдық табыстылығы АҚШ долларымен 2%-дан 4,5%-ға дейінгі осындай бағдарламаларды ұсынып отыр.

Тағы бір құрал — шетел валютасындағы инвестициялық пай қорлар (ИПҚ). Еске сала кетейік: ИПҚ — бұл ұжымдық инвестициялау нысаны, мұнда инвесторлардың қаражаты біріктіріліп, табыс алу мақсатында кейіннен бағалы қағаздарға немесе басқа активтерге салу үшін кәсіби компанияның басқаруына беріледі. Қазақстандық инвестициялық компаниялар ИПҚ-ға АҚШ долларымен инвестиция салу мүмкіндігін де ұсынады, мұнда инвестор іс жүзінде өз қаражатын басқаруды кәсіби басқарушыларға сеніп тапсырады.

Депозиттерден айырмашылығы, ИПҚ-ның белгіленген табыстылығы жоқ, бірақ олар мақсатты көрсеткіштерге бағдарланады. Жекелеген компанияларда мұндай бағдарлар шетел валютасымен шамамен жылдық 5%-ға жетуі мүмкін, бірақ нақты нәтиже нарықтағы жағдай мен басқару стратегиясына байланысты болады. Жалпы алғанда, мынадай негізгі қағида қолданылады: инвестициялық портфельдің тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, оның әлеуетті табыстылығы да соғұрлым көп болады.

Сонымен, Қазақстан нарығында шетел валютасымен инвестиция жасаудың дәстүрлі банк депозиттеріне қарағанда табысы жоғары, бірақ тетігі қарапайым бірнеше баламалы жолы бар.