Қазақстандықтар ақшаларын қай валютада сақтайды?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанда долларсыздандыру саясаты жүргізіліп жатқанына қарамастан, валюталық депозитжеке тұлғалардың депозитінің жалпы көлемінде әлі де елеулі үлеске ие. Мәселен, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жеке тұлғалардың шетел валютасындағы депозиті 5,5 трлн теңгеге жетті — бұл былтырғымен салыстырғанда 14% артық. Шетел валютасындағы депозиттің жалпы жеке тұлғалар депозитіндегі үлесі 30%-дан асты.

Қазақстандықтар ақшаларын қай валютада сақтайды?

ҚР ЕДБ шетел валютасындағы депозиттің осындай елеулі үлесі олардың салыстырмалы түрде төмен кірістілігіне қарамастан сақталып отырғанын атап өткен жөн. Естеріңізге сала кетейік: ҚР заңнамасы шеңберінде ел банктеріндегі шетел валютасындағы депозиттің сыйақы мөлшерлесі жылдық 1%-дан аспауға тиіс.

Валюталық депозиттің өзектілігі бірнеше факторларға байланысты. Мәселен, ұлттық валюта айтарлықтай әлсіреген жағдайда шетел валютасындағы инвестиция ақшаның құннын жоғалтпауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, валюталық депозит инвестициялық портфельді әртараптандыру құралдарының бірі.

Валюталық депозиттен басқа, Қазақстанның кейбір банктері инвестициялаудың басқа да тартымды құралдарын ұсынады. Мәселен, еуропалық Home Credit Bank жылдық 7% кірістілік мөлшерлемесі өте жоғары АҚШ долларымен облигация ұсынады. Мұндай облигацияларды банктің мобильді қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде еш қиындықсыз сатып алуға болады. Брокерлік компанияға бөлек жүгінудің және қызметтер үшін комиссия төлеудің қажеті жоқ, Сіз банктің қосымшасын жүктеп алып, облигацияны комиссиясыз сатып ала аласыз. Бұл банктің кез-келген филиалында да бар.

Жалпы, облигация сенімді және қауіпсіз инвестиция құралдарының бірі. Егер қарапайым сөзбен айтсақ, онда инвестор (облигацияны сатып алушы) банкке қарызға ақша береді, ал банк өз кезегінде салынған ақша мен сыйақыны белгіленген уақытта төлеуге міндетті.

Қазақстандықтар ақшаларын қай валютада сақтайды?