Қазақстандағы жалақы жобасы: мүддеңізге сай жұмыс істейтін банкті қалай таңдауға болады

Фото: https://www.shutterstock.com/

Бірнеше жыл бұрын жалақы жобасы тек жұмыс берушінің құралы ретінде қабылданатын. Компания банкпен келісімшарт жасап, қызметкерлерге төлем карталарын шығаратын және ай сайынғы жалақы дәл сол карталарға аударылатын. Қызметкерлердің басым бөлігі үшін таңдау осы жерден аяқталатын.

Алайда Қазақстанның банк секторы айтарлықтай өзгерді. Бүгінде банктер тек корпоративтік клиенттер үшін ғана емес, әрбір жеке клиент үшін де бәсекелеседі. Жалақы картасы енді жалақы алудың қарапайым құралы ғана емес, күнделікті қаржылық есеп айырысудың ажырамас бөлігіне айналды — төлемдерді, ақша аударымдарын, жинақтарды, кредиттік өнімдерді және түрлі бонустық бағдарламаларды бір жүйеге біріктірді.

Цифрлық сервистердің дамуы мен банктер арасындағы жоғары бәсекелестіктің арқасында қазақстандықтар жалақысын қай банк арқылы алатынын өздері таңдай алады, олар тек жұмыс берушінің таңдаған банкіне ғана емес, өздерінің қаржылық тиімділігі мен қолайлылығына да басымдық бере алады.

Аздаған статистикаға тоқталсақ, 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстанда айналымда шамамен 84 млн төлем карточкасы болды. Соңғы бір жылда олардың саны 3,3%-ға, бес жылда 56,3%-ға, ал он жылда 5 еседен астам өсті.

Бүгінде Қазақстан өңірдегі қолма-қол ақшасыз төлемдер ең жоғары деңгейде цифрландырылған елдердің бірі саналады. Төлем карталары тек есеп айырысу құралы болудан қалып, жалақы алу, күнделікті төлемдер жасау, ақша аудару, қаражат жинақтау және банк қызметтеріне қол жеткізуге арналған әмбебап қаржылық құралға айналды.

Төлем карталары мен қолма-қол ақшасыз төлемдердің кеңінен қолданылуына бірнеше фактор ықпал етті. Олардың ішінде жалақы жобаларының белсенді дамуы, банк қызметтерінің цифрландырылуы, төлем инфрақұрылымының кеңеюі және экономиканың жалақыны «конвертпен» төлеуден біртіндеп бас тартып, ресми қолма-қол ақшасыз аударымдарға көшуі негізгі рөл атқарды.

Қазақстандағы жалақы жобасы: мүддеңізге сай жұмыс істейтін банкті қалай таңдауға болады

Жалақы жобасы — бұл жалақы алуға арналған картадан әлдеқайда кең ұғым

Қазіргі заманғы жалақы жобасы — жалақыны жылдам, қауіпсіз әрі қосымша комиссиясыз алуға мүмкіндік беретін банктік қызметтердің кешені.

Жұмыс берушілер үшін мұндай жобалар жалақыны есептеу және аудару процесін жеңілдетіп, есеп айырысуды автоматтандырады әрі әкімшілік шығындарды азайтады.

Ал қызметкерлер үшін артықшылықтары әлдеқайда көп. Жалақы жобасының клиенттері көбіне мынадай мүмкіндіктерге ие болады:

  • банк картасына тегін қызмет көрсету;
  • ыңғайлы мобильді қосымша;
  • ақша аударымдары мен төлемдерді жеңілдетілген шарттармен жүзеге асыру;
  • операциялар бойынша жоғары лимиттер;
  • кредитті жеңілдетілген шарттармен рәсімдеу;
  • депозиттер бойынша арнайы шарттар;
  • кешбэк пен бонустық бағдарламалар;
  • қосымша қаржылық өнімдерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеу;
  • қызмет көрсететін банкке байланысты өзге де артықшылықтар.

Іс жүзінде банк жалақы жобасының клиентімен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға мүдделі болғандықтан, оған мүмкіндігінше көп артықшылық ұсынуға тырысады.

Жалақы алатын банкті өз бетінше таңдауға болады ма?

Іс жүзінде көптеген компаниялар жалақы жобасының аясында белгілі бір банкпен серіктестік орнатады. Сондықтан жаңа қызметкерлерге жалақы автоматты түрде аударылуы үшін сол қаржы институтында шот ашып, банк картасын рәсімдеу ұсынылады.

Алайда бұл қызметкердің таңдау құқығынан айырылғанын білдірмейді. Әрбір қызметкер жалақысын қай банктің картасына алатынын өз бетінше таңдауға құқылы. Егер ол басқа банктің қызметін пайдалануды қаласа, қызметкер көрсеткен банктік шотқа жалақы аудару мүмкін болса, жұмыс беруші оның банк таңдау құқығын шектей алмайды.

Ол үшін таңдалған банкте шот ашып, банк картасын рәсімдеп, кейін жұмыс берушінің бухгалтериясына жалақыны жаңа шотқа аудару үшін банктік деректемелері көрсетілген өтінішті тапсыру жеткілікті.

Банктер арасындағы бәсекелестік клиенттер үшін тиімді жағдай қалыптастырады

Жалақы жобалары банк қызметіндегі бәсекелестігі жоғары бағыттардың бірі болып саналады.

Банктер клиенттерді тек сенімділігімен және қызмет көрсету сапасымен ғана емес, қосымша артықшылықтар арқылы да сақтап қалуға ұмтылады. Бірі кредит бойынша тиімді шарттар ұсынса, екіншісі ниеттесттік бағдарламаларын дамытады, ал үшіншісі цифрлық сервистер мен инвестициялық өнімдерге басымдық береді.

Нәтижесінде ең алдымен клиент ұтады, өйткені ол өзінің қаржылық дағдылары мен қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін банкті таңдай алады.

Бүгінде Қазақстандағы көптеген банктер түрлі артықшылықтар мен қосымша сервистерден тұратын өздерінің жалақы жобаларын ұсынады. Сондықтан таңдау кезінде клиентке берілетін барлық мүмкіндіктерді жан-жақты салыстырған жөн.

Осындай кешенді тәсілді жүзеге асырып отырған банктердің бірі — ForteBank, ол мынадай артықшылықтарды ұсынады:

  • Қазақстанда және шетелде қолма-қол ақшаны комиссиясыз шешіп алу;
  • Forte Mobile байланыс қызметтерін жалақы картасы арқылы жеңілдікпен төлеу;
  • кредиттер бойынша үнемдеу — жалақы картасының иелеріне кредиттер бойынша төмендетілген пайыздық мөлшерлеме ұсынылады (2%-дық айырмашылық ақшалай есептегенде елеулі үнем береді);
  • ForteForex валюта айырбастау қызметі — валютаны (теңге, доллар, еуро, рубль және т. б.) ең төмен комиссиямен және тиімді бағаммен айырбастау мүмкіндігі, бұл ақша аударымдарын жасағанда және саяхат кезінде өте қолайлы;
  • жоғары бонустар, оның ішінде таңдалған санаттар бойынша, сондай-ақ жалақы жобасының клиенттеріне арналған арнайы бонустар.

Бұл — ұсынылатын артықшылықтардың аз ғана бөлігі. ForteBank жалақы жобасына қосылу үшін таңдауға болатын үш төлем картасын ұсынады. Олардың әрқайсысы тегін рәсімделеді және оларға тегін қызмет көрсетіледі. Әр картаның өзіне тән ерекшеліктері бар:

  • Blue картасы — жалақы, жеке қаражат, төлем жасауға, сақтауға және ақша аударуға ыңғайлы;
  • Travel картасы — саяхат кезінде әлем бойынша тиімді шарттар;
  • Solo картасы — жеке қызметке және айрықша артықшылықтарға қол жеткізуге арналған карта.

Жалақы алатын банкті таңдағанда нені ескерген жөн

Жоғарыда айтқанымыздай, еліміздегі банктердің басым бөлігі өздерінің жалақы жобаларын ұсынады. Ірі қаржы институттарының бірін мысалға ала отырып клиенттерге қандай мүмкіндіктер берілетінін көрсеттік. Жалпы алғанда, банкті таңдағанда тек ұсынылатын артықшылықтарға ғана емес, қызмет көрсету шарттарының толық жиынтығына назар аудару маңызды. Атап айтқанда, төмендегілерді ескерген жөн:

  • банктің сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығы;
  • мобильді қосымшаның қолайлылығы;
  • банкоматтар мен бөлімшелер желісінің кеңдігі;
  • қызмет көрсету құны;
  • ақша аударымдары мен төлемдердің шарттары;
  • жалақы клиенттеріне арналған кредит шарттары;
  • бонустық бағдарламалар;
  • онлайн-сервистер арқылы мәселелерді шешу жылдамдығы.

Осы факторлардың барлығы банк қызметтерінің қаншалықты қолайлы болатынын айқындайды.

Демек, бүгінгі таңда жалақы жобасы — тек жалақы алу тәсілі емес, сондай-ақ жеке қаржыны күнделікті басқарудың маңызды құралы. Сондықтан әр қызметкер банктердің жалақы клиенттеріне қандай мүмкіндіктер ұсынатынын біліп, өзіне ең тиімді қызмет көрсету шарттарын таңдағаны жөн. Банктер арасындағы жоғары бәсекелестік қазақстандықтарға қаржылық өнімдер мен сервистердің кең таңдауын ұсынып, өз қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін шешімді таңдауға мүмкіндік береді.