Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды

Фото: https://www.shutterstock.com/

ҚР-да ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы халықаралық ақша аударымдарының көлемі қысқарды.

2023 жылдың қаңтар–қазанында ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 806,9 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңдегіден 7,2% аз.

2022 жылдың қаңтар–қазанымен салыстырғанда шетелден түскен ақша көлемі 2,2 есе азайып, биыл 10 айда 258,5 млрд теңгені құрады.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды

Елдер бойынша 2023 жылдың қаңтар–қазанында ҚР-дан жіберілген қаражаттың жартысынан көбі тек екі елге кетті — Өзбекстан мен Ресей: тиісінше 232,8 млрд теңге және 195,2 млрд теңге. Сондай-ақ Түркия (184,5 млрд теңге) мен Грузияға (76,7 млрд теңге) айтарлықтай ақша жіберілді.

ААЖ арқылы түскен қаражаттың үштен бірінен астамы Ресейден аударылды: 94,2 млрд теңге. Тағы үштен бірін Өзбекстан (28,5 млрд теңге), АҚШ (27,8 млрд теңге) және Оңтүстік Корея (27,4 млрд теңге) құрады.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды

Ақша аударымдары жүйелерінің ішінде шетелге жіберілген ақша аударымдарының ең көп көлемі «Золотая Коронаға» тиесілі: 643,4 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–қазанымен салыстырғанда 4,8% аз. Бұл ретте жүйенің үлесі 77,8%-дан 79,7%-ға дейін өсті. Одан кейін Contact (93,4 млрд теңге), Western Union (46,3 млрд теңге) және MoneyGram (13,1 млрд теңге). Басқа жүйелердің үлесіне 10,8 млрд теңге ғана тиесілі.

Шетелден түскен ақша аударымдарының көлемі бойынша да «Золотая Корона» ААЖ арасында да көш бастап тұр: 130,8 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–қазанымен салыстырғанда 3,1 есе аз. Жүйенің үлесі бір жылда 70,7%-дан бірден 50,6%-ға дейін төмендеді. Одан кейін Western Union (57,6 млрд теңге), MoneyGram (32,4 млрд теңге) және Contact (11,9 млрд теңге). Басқа жүйелердің үлесіне 25,8 млрд теңге тиесілі.

Қазақстанда халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды