Қазақстанда сұранысы жоғары валюталардың бағамындағы күрт ауытқулар қалыпты құбылысқа айналды, ал соңғы оқиғалар бұл сектордағы жоғары құбылмалылықты тағы бір мәрте айқындап отыр. Мәселен, қазақстандықтар арасында ең көп сұранысқа ие валюта — АҚШ доллары соңғы жылдары бағамының жоғары амплитудамен құбылғанын көрсетті. Орташа айлық бағам 2024 жылғы қаңтардағы 451,3 теңгеден 2025 жылғы тамыз–қазан айларында 539-540 теңгеге дейін шарықтап, кейін қайта төмендеді. Құбылмалы динамика еуро бойынша да байқалды: 2024 жылғы 492,5 теңгеден 2025 жылғы тамыз–қазан айларында 626–634 теңгеге дейін көтерілді. Британ фунты 2025 жылдың күзінде ең жоғары шегінде 730 теңгеден асып, Қытай юані 75-76 теңгеге дейін көтеріліп, Ресей рублі 6,7 теңгеге жетті, бұл негізгі валюталар бойынша бағам ауытқуларының ауқымын айқын көрсетеді.
2026 жылдың басында теңгенің бірқалыпты нығаюы байқалып, сұранысы жоғары валюталардың бағамдары төмендеді. Десе де, төмендегі кестелерде көрсетілгендей ауытқулар әлі де айтарлықтай сезіледі. Мысалы, осы жылдың қаңтар айында нарық қайтадан әр бағытта қозғалыс көрсетті. АҚШ доллары, еуро және ресей рублінің орташа айлық бағамдары бір ай ішінде 0,5–0,7%-ға төмендеді, ал қытай юані мен британ фунты керісінше 0,3%-ға нығайды. Яғни, тыныш кезеңдерде де валюта бағамының динамикасы сезімтал әрі біркелкі емес болып қалады.
Ақпан айында (2026 жылғы 24 ақпандағы жағдай бойынша) тренд мынадай болды: барлық сұранысы жоғары валюталар теңгеге қатысты әлсіреді, ең айқын өзгеріс британ фунты бойынша болды — 2,5%-ға төмендеп, 688,8-ден 671,6 теңгеге дейін жетті. Еуро бағамы 1,8%-ға төмендеп, 586,7 теңгеге дейін түсті, ал ресей рублі 1,7%-ға арзандап, 6,5 теңге болды. АҚШ доллары 501-ден 497,3 теңгеге дейін арзандап, 0,7%-ға төмендеді, ал қытай юані бағамы айтарлықтай өзгермей, 72 теңге болып қалды, ақпан айының басымен салыстырғанда, тек 0,1%-ға төмен.
Мұндай жағдайда валюталық нарық күннен-күнге тәуекелі мен мүмкіндігі жоғары алаңға айналады, мұнда бір ғана қимыл арқылы пайда табуға да, шығынға ұшырауға да болады. Қысқа мерзімде орын алатын елеулі ауытқулар дұрыс құрал мен қолайлы айырбастау сәтінің маңыздылығын айқын көрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда валютаға қатысты кез келген операцияны орындауға ең ыңғайлы, функционалды әрі тиімді құралдардың бірі — ForteForex, ол ForteBank ұсынып отырған ForteApp мобильді қосымшасында қолжетімді.

ForteForex — бұл валюта айырбастау сервисі, онда қолданушылар өздерінің жеке бағамын орната алады немесе валюталарды ең тиімді бағаммен айырбастай алады. Мұндай формат тар спред арқасында бәсекелі айырбастау жағдайын қалыптастырады, сол себепті онлайн-айырбастау дәстүрлі айырбастау пункттеріне қарағанда әлдеқайда тиімді болуы мүмкін. Сервис ішінде жұмыс істейтін валюта статистикасы мен графиктері нарық динамикасын нақты уақыт режимінде талдауға мүмкіндік береді. ForteForex күнде, тіпті, демалыс және мереке күндері де жұмыс істейді.
Айырбастау үшін негізгі және ең сұранысқа ие валюталар қолжетімді, олардың қатарында теңге (KZT), АҚШ доллары (USD), еуро (EUR), ресей рублі (RUB), британ фунты (GBP), швейцар франкі (CHF), түрік лирасы (TRY), БАӘ дирхамы (AED), қытай юані (CNY) және канада доллары (CAD) бар.
Валютаны айырбастау комиссиясыз жүргізіледі, бұл орайда қолданушылар өз бағамын пайдалана алады немесе нарықтағы ең тиімді бағамдардың бірін таңдай алады, бұл операцияларды әлдеқайда тиімді шарттармен орындауға мүмкіндік береді. Платформа белсенді операцияларға арналған және сомалар мен өтініштер саны бойынша жоғары лимиттерді қамтамасыз етеді, ал нарық динамикасын талдауға арналған құралдар бағам ауытқуларын бақылап, айырбастау үшін қолайлы сәтті таңдауға көмектеседі. Барлық операциялар банк ішінде жүзеге асырылады, бұл қосымша қауіпсіздік пен бақылау деңгейін қамтамасыз етеді.

Валюта нарығының жалпы жағдайын түсіну үшін сұранысы жоғары валюталардың «таза» сатылымдарын қарастырайық.
2025 жылы айырбастау пункттері арқылы АҚШ долларын нетто-сату көлемі 1,9 трлн теңге болды, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Өткен жылдың ең белсенді айлары қазан–желтоқсанға тура келді, сату көлемі 230 млрд теңгеден асып, желтоқсанда 322,8 млрд теңгеге жетті.
Еуро бойынша динамика басқа сипатта болды. 2024 жылы еуроның нетто-сатылым көлемі 207,3 млрд теңге болса, 2025 жылы 162,9 млрд теңгеге дейін төмендеді. Еуро екінші маңызды валюта болса да, бағам ауытқуларына сезімталдығы жоғары, ал халықтың әрекеті — тактикалық сипатта.
Қытай юані және британ фунты нишалық құралдар ретінде қалып отыр. Юань бойынша жылдық «таза» сатылым көлемі 1,7 млрд теңгеден аспады, ал фунттың нетто-сатылымы шамамен 3,9 млрд теңге болды. Бұл АҚШ долларынан жүздеген есе аз көрсеткіш. Осы валюталарды сатып алу көбіне ситуативті сипатта болып, нарыққа жүйелі қысым қалыптастырмайды.
Ресей рублі бойынша жағдай мүлде басқаша. 2025 жыл бойы рубль бойынша нетто-сату көрсеткіші теріс аймақта болды: жыл соңында минус 311,4 млрд теңге. Бұл қазақстандықтардың рубльді айырбастау пункттеріне өткізіп, сатып алмайтынын көрсетеді.
Жалпы, соңғы екі жыл ішінде валюталық нарық айтарлықтай өзгеріске ұшырады, ал негізгі сипаттамасы — жоғары құбылмалылық. АҚШ доллары әлі де негізгі жинақ валютасы болып қала береді, сонымен қатар доллармен жасалмен операциялар көбіне тактикалық сипатқа ие: бағам өскенде пайданы бекітуге, ал түзету кезінде тиімді ену нүктесін таңдауға болады. Міне осындай жағдайда ForteForex сервисіндегі тар спредті ескеру валютаны айырбастауды әлдеқайда тиімді етеді.


