Қазақстан цифрлық сервистердің қаржылық қолжетімділігі бойынша топ-10 елдің қатарына енеді. Қазақстанда қаржы технологияларын алға жылжытып келе жатқан кім?

Фото: https://www.shutterstock.com/

66 просмотров

Standard & Poor's Financial Services LLC (S&P) сарапшылары қазан айындағы «Бөлшек банкингтегі серпінді технологиялар: Орталық Азия мен Кавказдағы банктер цифрлық банктік қызметтер нарығының үлесін иеленуге асығуда» шолуында Қазақстандағы банктердің жаңа технологияларға тез бейімделіп, оларды алғашқы енгізушілер ретінде айқын артықшылықтарға ие екенін атап өтті. Аталған есепте Қазақстанда, Арменияда, Әзірбайжанда, Грузияда және Өзбекстанда технологиялардың серпінді дамуы, мобильді және интернет-байланыс желілерінің қолжетімділігін арттыру және кеңейту қаржылық қызметтерді цифрландырудың дамуына ықпал етеді делінген.

Қазақстанда банктік инновациялар және цифрлық трансформацияға инвестициялар салу бойынша Kaspi Bank пен Halyk Bank нарық көшбасшылары болып танылды. S&P атап өткендей, банктердің жақсы жағдайы Қазақстан нарығындағы ұзақ қызмет тарихымен және клиенттермен орнатылған берік қарым-қатынаспен расталады. Ал «үлкен үштік» агенттігінің сарапшылары цифрлық технологиялар саласындағы көшбасшылар нарықта өз позицияларын нығайтып, басқа банктердің артта қалуы күшейеді деп күтуде.

Айта кетерлігі, осы жылдың басында S&P Kaspi Bank-тің рейтингісін көтеріп, цифрлық төлемдер сегментінде Kaspi-дің жетекші позициясын атап өткен болатын. Сарапшылар Kaspi тобы төлем сегментіне және онлайн сауда алаңдарына белсенді түрде шығып, өз бизнесін әртараптандыратынын айтты, бұл клиенттердің сенім артуына ықпал етеді және келешегі бар синергияны қамтамасыз етеді.

Kaspi.kz көрсететін қызметтер аясын тұрақты түрде кеңейтіп отырады. Мысалы, жақында жаңа цифрлық қызмет — «Сертификаттар» пайда болды. Сыйлық сертификатын алушыға сыйлық ретінде тікелей Kaspi.kz қосымшасы арқылы жіберуге болады. Сертификаттың қолданылу мерзімі шектелмеген, сомасы 10 мыңнан 500 мың теңгеге дейін. Алушы сыйлықты Kaspi Дүкенінде берілген 8 миллионға жуық тауардың ішінен таңдай алады: кітаптар, музыкалық аспаптар, автомобиль тауарлары, зергерлік бұйымдар, киім, аяқ киім, аксессуарлар, спорттық тауарлар, балалар ойыншықтары, үй тауарлары және т. б.

Қазақстан цифрлық сервистердің қаржылық қолжетімділігі бойынша топ-10 елдің қатарына енеді. Қазақстанда қаржы технологияларын алға жылжытып келе жатқан кім?

Айта кетерлігі, S&P есебінен мынаны аңғаруға болады: Қазақстанда 15 жастан асқан тұрғындардың түрлі қаржылық қызметтерді пайдалануы басқа қарастырылып отырған елдерге қарағанда әлдеқайда дамыған. Жоғарыда берілген кестеден Қазақстандағы қаржы технологияларын қолданатын халықтың үлесі әлем бойынша да, көршілер арасында да орташа көрсеткіштен асып түсетінін байқауға болады, ал бұл — 2021 жылғы көрсеткіш, аталған көрсеткіш содан бері айтарлықтай өсті.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан халқы күнделікті қаржылық қажеттіліктерге бейімделген жаңа қаржы технологияларын қолдануға дайын. Халықтың шамамен 88%-ы технологияны жақсы біледі, түсінеді, қолма-қол төлемдердің орнына банк карталарын пайдаланады, сондай-ақ интернет және мобильді банкинг қызметтерін қолданады. Дәл осы азаматтар бөлшек банктік қызметтерді пайдаланатын негізгі тұтынушылар болып табылады.

Сонымен қатар, S&P Тұрақты даму саласындағы жаһандық бастаманың (Digital Access Index) Цифрлық қолжетімділік индексіне сәйкес Қазақстан 157 елдің ішінде қаржылық қолжетімділік бойынша (Affordability DAI) 10-ыншы орынды және жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға қолжетімділік деңгейі бойынша 62-інші орынды иеленетінін атап өтті. Бұл өте үздік көрсеткіш. Біз индекс деректерін зерттедік. Салыстырып қарасақ, шолу жасалған қалған елдердің рейтингтегі орындары мынадай: Грузия 54-інші орынға, Армения Қазақстаннан кейін 63-інші орынға, Әзірбайжан 87-інші орынға, Өзбекстан 100-інші орынға орналасты.

Бұл ретте цифрлық индустрияның қаржылық қолжетімділігі бойынша өңірдегі бірде-бір ел Қазақстанның маңына да жуымады. Мәселен, Өзбекстан 29-ыншы орынға, Грузия 54-інші орынға, Әзірбайжан 64-інші орынға, Армения 85-інші орындға жайғасты. Жалпы алғанда, мұндай қолжетімділікті, басқалармен қатар, цифрландыру флагмандары — жетекші қазақстандық банктер де ұсына алады.

Қазақстан цифрлық сервистердің қаржылық қолжетімділігі бойынша топ-10 елдің қатарына енеді. Қазақстанда қаржы технологияларын алға жылжытып келе жатқан кім?

Тағы бір маңызды мәселе, өңірдегі банктер қызметтер аясын кеңейтуге ұмтылуда. Мысалы, S&P Өзбекстан нарығына бұрын кірген грузин ТВС Ваnk банкінің Payme өзбек жүйесін біріктіргенін, сондай-ақ Kaspi.kz қаржылық технологиялар тобының Өзбекстанның жетекші төлем жүйелерінің бірі Humo-ны жекешелендіруге қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Тағы бір мысал, Kaspi.kz Hepsiburada түрік маркетплейсінің шамамен 65% акциясын сатып алу арқылы Түркия нарығына шықты.

Ел ішінде банктердің цифрлық құралдары да көбірек қолданылуда. Мәселен, 2024 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша ҚР банктерінің онлайн-сервистерін белсенді пайдаланушылардың саны 24,8 миллионға жетті, бұл бір тоқсан бұрынғы көрсеткішке қарағанда 2,3%-ға және бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда бірден 12,4%-ға көп. 14 жастан асқан Қазақстан халқының саны 14,5 млн адамды құрайтынын ескерсек, болжаммен үш қазақстандықтың екеуі екі ЕДБ-ның мобильді қосымшаларын пайдаланады. Алайда, Қазақстанда балалар да банктердің интернет-сервистерін қолданады.

Қазіргі тенденцияларға сүйенсек, цифрлық банктік шешімдердің танымалдылығы күн санап арта береді.

Қазақстан цифрлық сервистердің қаржылық қолжетімділігі бойынша топ-10 елдің қатарына енеді. Қазақстанда қаржы технологияларын алға жылжытып келе жатқан кім?