2022 жылдың аяғында Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа тұрғын үй алаңы шамамен 23,4 шаршы метрді құрады. Тұрғын үй құрылысы секторында ұлттық компаниялардың маңызы зор. Мұны халықаралық рейтингтік агенттіктер де растайды.
Жақында, биыл 11 шілдеде Fitch Ratings «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» (ҚТК) АҚ рейтингін «BBB» деңгейінде растады. Рейтинг болжамы — «Тұрақты». Рейтингті растау компанияның тұрғын үй құрылысының ірі операторы мәртебесін және оның тұрғын үй секторын шоғырландырудағы негізгі рөлін ескере отырып, агенттіктің ҚТК-нң Қазақстан үшін стратегиялық маңызды санайтынын көрсетеді.
Салыстыру үшін елдегі басқа қаржы институттарының, атап айтқанда, екінші деңгейлі 10 үздік банктердің несиелік рейтингтерін қарастырайық. ҚТК рейтингі барлық дерлік банктерден озып кетеді.
ҚР ЕДБ арасында ең жоғары рейтингті мына қаржы институттарында:
- Отбасы банкі: Fitch Ratings — BBB / Тұрақты (21.02.23), Moody's — Baa2 / Тұрақты (12.04.22);
- Halyk Bank: Fitch Ratings — ВВВ− / Тұрақты (23.04.20), Moody's — Ваа2 / Тұрақты (12.04.22), S&P Global Ratings — ВВ+ / Тұрақты (18.05.23).
Жалпы, ҚР ЕДБ халықаралық рейтингтік агенттіктердің жақсы рейтингтеріне ие.