Ешнәрсе өзгермейді: үздік 10 банкінің бірден алтауында төлем мерзімі өткен кредиттер көлемі артты

Фото: https://www.shutterstock.com/

11 просмотров

2024 жылдың шілдесінен бастап заңдағы жаңалықтарға сәйкес мораторий белгіленді — қазақстандықтардың проблемалық тұтынушылық кредиттерін коллекторларға сатуға 2026 жылдың 1 мамырына дейін толық тыйым салынды. Яғни, осы кезеңде банктер проблемалық қарыз алушылармен атқарылатын жұмысқа өздері жауапты болады.

Тыйым салынған алғашқы айларда банктердің қалай жұмыс істеп жатқанына шолу жасайық. Төлем мерзімін 7 күннен көп, бірақ бір айдан аз уақыт өткізіп алу мәселесіне тоқталайық. Бұл банктердің қаншалықты жедел әрекет ететінін айқындайды. Ең ірі 10 кредитор банктің ішінен «зиянды» көрсеткішті тек 4 ЕДБ азайтты.

Төлем мерзімі аз ғана уақыт өтіп кеткен кредиттер мәселесін уақтылы шешу бойынша Отбасы банкі көш бастады: айына минус 16,7%, барлығы 45,1 млрд теңгеге дейін. Естеріңізге салсақ, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша жұмыс істейтін және Қазақстан халқына тұрғын үйге қол жеткізуге көмектесетін бұл даму институтының несие портфелі қыркүйек айында 3,3 трлн теңгеге жетті, бір айда 1,7% қосты. Яғни, Отбасы банкінде төлем мерзімі аз ғана уақыт өтіп кеткен кредиттер портфельдің небәрі 1,37%-ын құрайды, бұл Қазақстандағы барлық ЕДБ арасында үздік көрсеткіш (тіпті, «ұзақ мерзімді» NPL 90+ бойынша да). Банк портфеліндегі NPL 90+ үлесі небәрі 0,11%-ды құрады. Қаржы институты үздік көрсеткіштерін жақсартуды жалғастыруда.

7 күннен астам кешіктірілген кредиттер көлемін қысқарту бойынша екінші орында Bereke Bank тұр: минус 11,7%, 140,6 млрд теңгеге дейін. Бұл несие портфелінің 9,8%-ын құрайды, ал қаржы институтының несие портфеліндегі NPL 90+ үлесі 6,15%-ды құрайды, бұл — ҚР ЕДБ бойынша орташа деңгейден нашар көрсеткіш.

7 күннен астам кешіктірілген кредиттер көлемін қысқартқан тағы екі банк бар, олар — Halyk Bank және Банк ЦентрКредит: бір айда минус 3,2% және минус 2,6%. Бір қызығы, бұл екі ЕДБ төлем мерзімі аз ғана өткен кредиттер (небәрі 3,7% және 2,7%) бойынша да және NPL 90+ (2,21% және 1,4%) бойынша да портфельдегі ең аз үлестермен ерекшеленеді.

Жалпы алғанда, сектор бойынша төлем мерзімі 7 күннен көп, бірақ бір айдан аз уақыт өтіп кеткен кредиттердің үлес салмағы 5,38%-ды құрайды (бір ай бұрын 5,51%), ал төлем мерзімін ұзақ уақыт өткізіп алу NPL 90+ үлесі 3,15%-ға тең (бір ай бұрын 3,14%).

Ешнәрсе өзгермейді: үздік 10 банкінің бірден алтауында төлем мерзімі өткен кредиттер көлемі артты