Ең жоғары мөлшерлеме: депозит таңдаймыз. Қазақстандық банктер халыққа не ұсынады?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстандықтар үшін депозиттер ең танымал жинақ түрі. Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша ҚР ЕДБ-дағы бөлшек салымдардың көлемі 24 трлн теңгеден асып, бір жылда 21%-ға өсті. Бүгінде жеке тұлғалардың депозиттері Қазақстан банктеріндегі барлық салымдардың 58%-ын құрайды.

Жинақ депозиттер Қазақстандағы ең тиімді депозиттер болып саналады, бұл депозит түрі бойынша қаражатты шешіп алуды көзделмейді. Біз мөлшерлемесі ең жоғары депозиттерге шолу жасадық, атап айтқанда, толықтыруды қажет етпейтін жинақ депозиттеріне тоқталамыз.

Жалпы, Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 17-сі бөлшек депозиттерді ұсынады. 11 банкте жинақ депозиттерін толтыру мүмкіндігінсіз ашуға болады. Осы банктердің барлығында осындай ең тиімді «қысқа» депозиттерді 3 айға дейін аша аласыз.

Бұл тұрғыда ең жоғары СЖТМ-ны Home Credit Bank «Акциялық жинақтаушы» өнімі бойынша ұсынады: 18,5%. Бұл сегменттегі ең жақсы ұсыныс болып табылады.

Одан кейінгі орындарға Еуразиялық Банк (СЖТМ — 18,2%-ға дейін) және Altyn Bank (СЖТМ — 18%-ға дейін), сондай-ақ «Сәлем» өнімімен Bereke Bank (СЖТМ — 18%, мерзімі — 2 ай) жайғасты. Сегменттегі орташа жылдық тиімді мөлшерлеме 17,5%-ды құрайды.

Ең төменгі сомаға келетін болсақ, ол 1 мыңнан 500 мың теңгеге дейін өзгереді. Толығырақ өнім картасында берілген.

Ең жоғары мөлшерлеме: депозит таңдаймыз. Қазақстандық банктер халыққа не ұсынады?

Енді ақша жинағысы келетін жандарға арналған өнімдерге тоқталайық. Қазақстандағы 11 ЕДБ-да ең жоғары мөлшерлемелері бар жинақ депозиттерін, яғни, толықтыру мүмкіндігінсіз, ұзағырақ мерзімге, 6 айға ашуға болады.

Бұл сегментте де 18,5%-ды құрайтын ең жоғары СЖТМ-ны «Акциялық жинақтаушы» өнімімен Home CREDIT Bank ұсынады.

Сонымен қатар Altyn Bank өзінің «Резерв» өнімі бойынша және KZI Bank «Жинақ депозиті» өнімі бойынша осындай мөлшерлемені ұсынады.

Сегменттегі орташа жылдық тиімді мөлшерлеме 17,6%-ды құрайды. Шарттар бойынша мәліметтер өнім картасында берілген.

Демек, қазіргі уақытта екі сегментте де ең жақсы мөлшерлемелерді Home Credit Bank ұсынып отыр.

Ең жоғары мөлшерлеме: депозит таңдаймыз. Қазақстандық банктер халыққа не ұсынады?

Тағы бір жеке айта кетерлігі, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені 1,25 пайыздық тармаққа көтеру және оны жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.

Тиісінше, бүгінде тұтынушылар салымды барынша тиімді шарттармен аша алады.

Ең жоғары мөлшерлеме: депозит таңдаймыз. Қазақстандық банктер халыққа не ұсынады?