Бүкіл әлем бойынша қолдануға болатын бөліп төлеу картасын таңдаймыз: қай банктің шарттары тиімдірек?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Наурыз айына қарай Қазақстанда айналымда 85 млн төлем картасы болды, оның 13,2 млн-ы — кредиттік карталар. 41,4 млн карта белсенді пайдаланылған, оның 4,2 млн-ы — кредиттік карталар.

Қазақстандықтар арасында кеңінен қолданылатын кредиттік карталардың белгілі бір сегментіне — бөліп төлеу карталарына тоқталайық. Бөліп төлеу карталары — сауда ақысын белгілі бір мерзімге бөліп, алдын ала белгіленген төлем кестесі бойынша өтеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал. Классикалық кредиттік карталардан басты айырмашылығы — шарттар сақталған жағдайда пайыз да, артық төлем де болмайды, сондай-ақ мұндай карталарда өтеу тәртібі басынан-ақ түсінікті әрі ашық көрсетіледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда бөліп төлеу карталарын 6 банк ұсынады. Алайда олардың ішінде бүкіл әлем бойынша серіктестер желісіне тәуелсіз толыққанды бөліп төлеу мүмкіндігі тек 4 ЕДБ-да қолжетімді: Home Credit Bank (Özen картасы), Altyn Bank, ForteBank (Black картасы) және Еуразиялық Банк (SMARTcard картасы).

Әсіресе қазіргі уақытта — демалыс маусымы мен шетелге сапарлар басталатын кезеңде банктің серіктестер желісіне тәуелсіз, бүкіл әлем бойынша бөліп төлеу мүмкіндігін беретін карталар ерекше өзекті, себебі бұл уақытта Қазақстаннан тыс жерлерде жасалатын саудалар мен шығындар көлемі айтарлықтай артады.

Мұндай өнімдерді ұсынатын қаржы институттарының ішінде бөліп төлеу карталарына тегін қызмет көрсететін 3 банк бар: Home Credit Bank, Altyn Bank және Еуразиялық Банк.

Ең ұзақ бөліп төлеу мерзімін тек Home Credit Bank ұсынады: әлем бойынша — 6 ай, серіктестер желісі ішінде — 12 айға дейін. Жасырын комиссиялар мен артық төлемдерсіз нақты бөліп төлеу қарастырылған.

Сонымен қатар Altyn Bank өзінің бөліп төлеу картасы бойынша бүкіл әлемде (серіктестер желісінде де) 6 айға дейінгі мерзімді ұсынады.

Еуразиялық Банктің өнім көрсетілген ресми парақшасында бүкіл әлем бойынша артық төлемсіз бөліп төлеу мерзімі 4 ай деп көрсетілген. Алайда тарифтерінде мынадай нұсқалар берілген: серіктестер желісі ішінде артық төлемсіз бөліп төлеу — 3 және 6 ай, ай сайын 1 мың теңге комиссиямен — 9 және 12 ай, ал серіктестер желісінен тыс — мерзіміне қарамастан айына 1 мың теңге.

ForteBank бүкіл әлем бойынша 3 айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігін ұсынады.

Ал Банк ЦентрКредит (#картакарта) пен Kaspi Bank-тің (Kaspi Red+) бөліп төлеу карталары тек серіктестер желісі ішінде жұмыс істейді: Банк ЦентрКредитте — 3, 6 және 12 ай, ал Kaspi Bank-те — 4 ай.

Бүкіл әлем бойынша қолдануға болатын бөліп төлеу картасын таңдаймыз: қай банктің шарттары тиімдірек?

Бөліп төлеу карталары бойынша кредиттік қаражатты қолма-қол шешіп алу мүмкіндігін осы сегменттегі 6 ЕДБ-ның 5-еуі ұсынады.

Ай сайын қолма-қол алынатын сомаға қарамастан, бүкіл әлем бойынша комиссиясыз ақша алу мүмкіндігі тек Home Credit Bank-те бар.

Еуразиялық Банкте әлемнің кез келген банкоматынан айына 500 мың теңгеге дейін кредиттік қаражатты комиссиясыз шешіп алуға болады, ал 500 мың теңгеден асатын сомаға 1,5% комиссия алынады.

ForteBank Қазақстан аумағындағы банкоматтарда айына 400 мың теңгеге дейін комиссиясыз шешіп алуды ұсынады, 400 мың теңгеден жоғары сомаға 1% комиссия алады, ал елден тыс жерде, сомасына қарамастан, 1% комиссия қарастырылған.

Altyn Bank пен Банк ЦентрКредитте әлемнің кез келген банкоматынан кредиттік қаражатты шешіп алғанда 3% және 4% комиссия алынады.

Осылайша, барлық параметрлерді ескере отырып, бүгінгі таңда ең тиімді бөліп төлеу картасы ретінде Home Credit Bank-тің Özen картасын атауға болады.

Бүкіл әлем бойынша қолдануға болатын бөліп төлеу картасын таңдаймыз: қай банктің шарттары тиімдірек?