Қазан айына қарай ҚР-ның айналымындағы төлем карталарының саны 80 млн-ға жетті, олардың ішінде дебеттік карталардың саны 64 млн құрады. Оның ішінде 34,9 млн дебеттік картасы болып табылатын 39,8 млн төлем картасын тұтынушылар белсенді түрде пайдаланылатыны белгілі болды.
Біз осы көрсеткіштерді қолдана отырып, ҚР ЕДБ тарапынан ұсынылған бонустық бағдарламалардың тиімділігі мен тартымдылығы бойынша банктердің ең танымал және флагмандық дебеттік карталарды салыстыруды шештік.
Бұл шолуда Mass сегментіне арналған карталар ғана ескерілді, себебі неғұрлым жоғары сегментке арналған сыйлықақылы карталардың қызмет көрсету ақысы да біршама қымбат болады және оларды жеке салыстыру қажет.
Бұл салыстыруды негізгі кепілдендірілген кешбэктен бастаған жөн, өйткені дәл осы көрсеткіш іс-жүзінде жасалған сауданың тиімділігіне әсер етеді, ал ұсынылатын басқа да жоғары бонустар көбінде маркетингтік қадам болып табылады. Қазіргі таңда ең үздік кепілдендірілген кешбэкті ALL IN картасы бойынша Bereke Bank ұсынады: 1,5%. Осы карта бойынша белгілі бір шарттарды орындаған кезде қомақты болатын жоғарылатылған бонустар алуға болады: 100 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін депозит ашқанда — 3%, 500 мыңнан 7 млн теңгеге дейін салымға — 5%, 7 млн теңгеден жоғары депозитке — 7% кешбэк есептеледі. Сондай-ақ, бұл картада ең жоғары бонус: «Кино» категориясы үшін 30% бонус беріледі.
Келесі орында кепілдендірілген кешбэк бойынша Шинхан Банк тұр — 1,2%. Алайда, банктің қызықты ұсыныстары осымен аяқталады.
1% кешбэкті Freedom Bank (Freedom Card және Super Card карталары) және Home Credit Bank (Home Lite картасы) ұсынады.
Осындай, бірақ кепілдендірілмеген кешбэкті басқа да банктерден: Halyk Bank-тен (Halyk Bonus картасы бойынша ол үшін смартфон арқылы немесе QR көмегімен жанасусыз тәсілмен Halyk POS-та төлем жасау қажет), ЦентрКредит Банкінен (өнім #картакарта, BCC.kz қосымшасы арқылы төлем жасағанда) және Еуразиялық Банктен (Интернет желісіндегі сауда үшін) алуға болады.
Белгілі бір талаптарды орындаған жағдайда Home Credit Bank, Еуразиялық Банк және Jusan Bank қосымша 2% ұсынады, ал Freedom Bank-тың қосымша пайызы 4%-ға дейін жетуі мүмкін. Бұл жерде талаптар ЕДБ-ге байланысты ерекшеленеді, мысалы картадағы қаражат қалдығына байланысты, депозиттегі белгілі бір сомаға, картадан айына жұмсалған ақшаның көлеміне немесе осыған ұқсас параметрлерді біріктіргені үшін қосымша үстеме берілуі мүмкін. Міне, осының барлығын салыстыруға және зерделеуге қолайлы болу үшін толық деректер кестеде келтірілген.
Freedom Bank пен Еуразиялық Банкте жанасусыз төлем үшін қосымша 2% алуға болады.
Енді арнайы мүмкіндіктер туралы айтайық. ALL IN картасы бойынша атап өтілген «Кино» үшін берілетін 30%-дан басқа, 100 мың теңгеден басталатын депозит болған жағдайда, Bereke Bank-тен такси мен жанар-жағармай құю бекеттерінде төлем жасағанда 10% алуға болады.
Өз серіктестері желісінде Halyk Bank 30%-ға дейін, ForteBank пен Jusan Bank — 25%-ға дейін, Freedom Bank өз экожүйесінде 23%-ға дейін ұсынады. Еуразиялық Банк «Ойын-сауық» санатына 30%-ға дейін бонус ұсынады.
Сондай-ақ акциялар бойынша, маркетплейстерде, ұнайтын категорияларда және т.б. жоғары кешбэктердің бірнеше түрлері ұсынылған. Ол жайлы толығырақ кестеден көруге болады.
Жалпы алғанда, бүгінде Қазақстанда карталардың таңдауы өте кең. Сонымен, бүгінде елде жеке тұлғаларға дебеттік карталарды 12 ЕДБ ұсынады екен, олардың көбісінде бірнеше өнім бар.