Ағымдағы көктемге қарай Қазақстанда 81 миллион төлем картасы болды, оның 41,8 млн-ы белсенді пайдаланылуда. Яғни, еліміздегі азаматтар, кішісі де, үлкені де кем дегенде екі банктік картаны белсенді пайдаланады және бұдан бөлек тағы екі картасы болуы мүмкін.
Мұндайда банктік сервистердің ішінде қазақстандық кәсіпорындарға, әсіресе, микро, шағын және орта бизнеске арналған эквайринг қызметтері сұранысқа ие болады. Эквайринг медициналық және білім беру қызметтерін, жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметтерін көрсететін кәсіпорындардың, автосервистердің, зергерлік салондардың, дәріханалардың, құрылыс материалдары мен қосалқы бөлшектер дүкендерінің, үй маңындағы шағын маркеттер мен азық-түлік дүкендерінің, HoReCa және фастфуд компанияларының және т. б. кәсіпорындардың мүмкіндіктерін кеңейтеді және олардың нысаналы аудиториясын арттырады.
Сауда эквайрингі — бұл бизнеске арналған төлемді банктік карталар немесе гаджеттер арқылы қолма-қол жасалмайтын тәсілмен оңай қабылдауға мүмкіндік беретін қызмет. Сатып алушы бұл қызметтің көмегімен банк немесе төлем жүйесі арқылы сатушыға ақша аударады. Ал банк-эквайер әр операциядан комиссия алады. Эквайринг бизнеске қолма-қол жасалмайтын төлеммен жұмыс істеуге көмектеседі, есеп айырысуды ыңғайлы етеді және бүкіл төлем жүйесін бірізді әрі ашық етеді.
Эквайринг жөнінде ақпаратты Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 10-ы берді. Төлемдерді өз карталары бойынша POS-терминалдар арқылы қабылдағанда ең төменгі тарифті ForteBank және Банк ЦентрКредит ұсынады: 0,4%. Басқа банктердің карталары бойынша стандартты шарттармен ең төменгі тариф ForteBank-те 1,3%-ды құрайды. Одан кейінгі орындарға Halyk Bank (1,4%-дан бастап), Банк ЦентрКредит (1,5% немесе белгілі бір санаттар үшін 1,2%), сондай-ақ Jusan Bank (1,5%-дан бастап) және Еуразиялық Банк (1,5%-дан бастап) жайғасты.
Демек, қазіргі уақытта ForteBank тарифтер бойынша көш бастап тұр.

Жалпы, көптеген банктер өнім бойынша қосымша мүмкіндіктер де ұсынады. Мысалы, көшбасшы атанған ForteBank өзінің терминалдары үшін және де NFC функциясы бар смартфонды мобильді терминалға айналдыратын FortePOS қосымшасы үшін де кассалық софтпен интеграцияны ұсынады (1С, ҮИЖ Prosklad, ҮИЖ Есеп, БКМ LightKassa, Rosta және Paloma), тіпті, мереке және демалыс күндері де төлем жүргізіп, ForteBusiness қосымшасы немесе банктің сайты арқылы онлайн қосылуға, ApplePay, SamsungPay және GooglePay арқылы төлем қабылдауға болады және т.б. мүмкіндіктер қарастырылған. Қосымша қызметтердің қатарына бизнес-картаны онлайн шығару және 2 млн теңгеге дейін тегін шешіп алу, POS-терминал мен FortePOS айналымымен 6 млн теңгеге дейін онлайн-овердрафт және т. б. қызметтер кіреді.
Аталған банктердің ішінде басқа да тиімді ұсыныстарды атап өтуге болады, мысалы, Halyk Bank-тің терминалдары төлемді кез келген картадан қабылдайды (соның ішінде AE, Diners Club, Discover, JCB және басқалары). Толығырақ кестеде көрсетілген, өнімдермен ҚР ЕДБ ресми сайттарында толық танысуға болады.
