Халықаралық сарапшылар Қазақстанның банк секторының сенімділігі мен тұрақтылығын тағы да растады. Ағымдағы жылдың 19 наурызында «үлкен үштік» S&P Global Ratings агенттігі активтер сапасы мен реттеушілік қадағалаудың жақсаруына байланысты ҚР бес ЕДБ бойынша «Позитивтіге» болжамды қайта қарады.
S&P атап өтті:
«Біз Қазақстан Республикасының банк секторы соңғы жылдары өңірдегі геосаяси тәуекелдердің шиеленісуі аясында макроэкономикалық тәуекелдерге анағұрлым жоғары тұрақтылық көрсетті деп санаймыз. Активтер сапасының көрсеткіштері мен банк секторының қаржылық көрсеткіштері біз болжаған деңгейден едәуір жоғары болды. Сонымен қатар, біз қаржылық қадағалаудың біртіндеп артып келе жатқанын байқаймыз. Осыған байланысты біз Қазақстан үшін банк секторының (Banking Industry Country Risk Assessment, BICRA) салалық және елдік тәуекелдерін бағалау шеңберінде экономикалық тәуекелді бағалауды жақсарттық, сондай-ақ салалық тәуекелді дамыту үрдісін оңға қарай қайта қарадық».
Қазақстандық банктердегі активтердің сапасы өте жақсы деңгейді көрсетеді. Мәселен, жылдың бірінші айының қорытындысы бойынша ҚР ЕДБ-нің несие портфелі 29,4 трлн теңгені, ал 90 күннен астам мерзімге кешіктірілген қарыздар — 888 млрд теңгені немесе портфельдің тек 3%-ын құрады. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын NPL 90+ үлесі ҚР ЕДБ қарыздарының жиынтық көлемінің 3,4%-ын, бес жыл бұрын — 8,1%-ын, ал он жыл бұрын — 32,2%-ды құрады. Яғни, он жыл ішінде несие портфеліндегі NPL 90+ салмағы он еседен астам қысқарды.
Салыстыру үшін: мысалы, қазақстандықтарды несиелендіретін МҚҰ секторында өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындылары бойынша «ұзақ» кешіктірудің үлесі (қазіргі кездегі ең жаңа деректер) 6,2%-ын құрады, бұл тоқсан бұрын 5,6%-ға қарсы болатын, яғни көрсеткіш өсті. NPL 90+ сомасының өзі тоқсан ішінде 18,2%-ға, 74,3 млрд теңгеге дейін өсті, ал ҚР МҚҰ жалпы несиелік портфелі 7%-ға, 1,2 трлн теңгеге дейін өсті.
Айта кетейік, халықаралық сарапшылар несие беру саласындағы қаржы институттарын бақылау мен қадағалаудың күшеюін бекер атап өтпейді. Мәселен, 2024 жылғы 20 наурызда ҚР Мәжілісі екінші оқылымда «Кейбір заңнамалық актілерге несие беру кезінде тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын қабылдады.
Атап айтқанда, мәжілісмендер мынай жайтты атап өтті:
«Азаматтардың ең көп несиеленуі онлайн-микрокредиттеу секторында байқалатынын ескере отырып, 50 АЕК дейінгі сомамен 45 күнге дейінгі мерзімге микрокредиттің ерекше түрін жою, сондай-ақ барлық микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады».
Заң жобасы қарыз алушылардың мүдделерін қорғайтын бірқатар шектеулерді қамтиды.
Банктерге келетін болсақ, олар өз тарапынан несиеге қол жеткізу критерийлеріне өте қатаң қарайды. Мәселен, мысалы, ҚР Ұлттық банкінің зерттеу нәтижелері бойынша өткен жылдың соңғы тоқсанында несиелік өтінімдерді мақұлдау деңгейі өте қалыпты болды.
Мысалы, кепілсіз тұтынушылық несиелер сегментінде берілген барлық өтінімдердің мақұлданған үлесі небәрі 28,6%-ды, ипотека бойынша — 32%-ды, кепілді тұтынушылық несиелер бойынша — 36,3%-ды құрады. Бизнес-несиелерге келетін болсақ, мұнда шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін қарыздарды мақұлдау үлесі 36,5%-ды, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 42,9%-ды құрады және ірі кәсіпкерлік сегментінде ғана көрсеткіш 75,6%-ға жетті.
Осындай ұстамды несие беру стратегиясымен және тәуекелдерді тиімді бағалаумен банктердің портфельдері жоғары сапалы болып қалады және активтер жоғары баға алады деп күтілуде.
S&P Global Ratings рейтингтік әрекеттеріне оралу. Қандай банктер белгіленген?
Болжамды «Тұрақтыдан» «Позитивтіге» жақсарту және рейтингті арттыруға ие болғандар:
- Halyk Bank — ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzAA»-дан «kzAA+»-ға дейін көтерілді; рейтингтер «BB+/B» деңгейінде расталды;
- Kaspi Bank — ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA+»-дан «kzAA−»-ға дейін көтерілді; рейтингтер «BB/B» деңгейінде расталды;
- ЦентрКредит Банкі — ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA−»-дан «kzA»-ға дейін көтерілді; рейтингтер «BB−/B»деңгейінде расталды;
- ForteBank — ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzA−»-дан «kzA»-ға дейін көтерілді; рейтингтер «BB−/B» деңгейінде расталды;
- Нұрбанк — ұлттық шкала бойынша рейтинг «kzBB−»-дан «kzBB»-ға дейін көтерілді; рейтингтер «B−/B» деңгейінде расталды.