2023 жылдың қаңтар–қыркүйегінде халықаралық ақша аударымдары жүйесі (ААЖ) арқылы шетелге жөнелтілген ақша көлемі 717,3 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 8% аз. Транзакция саны 3% өсіп, 1,9 млн-ға жетті. Бір аударым бойынша орташа түбіртек 2022 жылғы қаңтар–қыркүйектегі 418,6 мың теңгеден 2023 жылдың тиісті кезеңінде 373,7 мың теңгеге дейін қысқарды.
ААЖ арқылы шетелден келген қаражат көлемі 2 еседен астам азайып, 234,9 млрд теңгені құрады. Транзакция саны да айтарлықтай төмендеді: 30,4%, 842,2 мыңға дейін. Бір аударым бойынша орташа түбіртек 32,7%: 414,2 мың теңгеден 278,9 мың теңгеге дейін төмендеді.
ААЖ арқылы шетелге жөнелтілген ақша аударымдарының үштен екісінен астамы тек үш елге тиесілі: Өзбекстан (207,7 млрд теңге), Ресей (173,3 млрд теңге) және Түркия (162,9 млрд теңге). Сондай-ақ қомақты қаржы көлемі Грузияға (68,8 млрд теңге), Қырғызстанға (24,2 млрд теңге) және Қытайға (23,2 млрд теңге) жіберілді.
Шетелден түскен қаржы көлемі бойынша Ресей көш бастап тұр, одан 87,5 млрд теңге аударылған. Сондай-ақ Өзбекстан (25,6 млрд теңге), Оңтүстік Корея (25,1 млрд теңге) және АҚШ-тан (24,9 млрд теңге) айтарлықтай ақша алынды.
Шетелге ақша жөнелткен ААЖ арасында «Золотая Корона» сөзсіз көшбасшы: 571,5 млрд теңге. Бұл ретте осы жүйе бойынша аударымдар көлемі 6,3% азайғанымен, үлесі бұрынғысынша 78,2%-дан 79,7%-ға дейін өсті. Одан кейін Contact (82,1 млрд теңге), Western Union (42 млрд теңге) және MoneyGram (11,4 млрд теңге) келеді.
Шетелден келген ақша көлемі бойынша да «Золотая Корона» көш бастап тұр: 118,5 млрд теңге — 2022 жылдың қаңтар–қыркүйек айларымен салыстырғанда бірден 3 есе аз. Үлесі бір жылда 71,5%-дан 50,5%-ға дейін төмендеді. Одан кейін Western Union (51,7 млрд теңге), MoneyGram (28,9 млрд теңге) және Contact (10,3 млрд теңге).