Балаларға арналған банк карталары — соңғы жылдардағы үрдіс: қандай артықшылықтары бар?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жылдан жылға танымал бола түсуде. ҚР ЕДБ төлем карталары мен цифрлық қызметтері бұрыннан өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Ересектерді былай қойғанда, балалар да қолма-қол ақшасыз төлемдер нарығына және жалпы цифрлық қаржылық қызметтерді белсенді игеріп жатыр. Соңғы жылдары 6-18 жас аралығындағы жас қазақстандықтар ата-аналарының төлем карталарына байланған банк карталарының иелеріне айналды. Мұндай карталар балаларға ата-аналарының бақылауымен қолма-қол ақшасыз шағын сатып алулар жасауға мүмкіндік береді.

Балаларға арналған банк карталары — соңғы жылдардағы үрдіс: қандай артықшылықтары бар?

Қазір Қазақстанда кем дегенде 7 банк балалардың төлем карталарын ұсынады: Jusan Bank, Halyk Bank, Kaspi.kz, ForteBank, Bank RBK, Altyn Bank және ЦентрКредит банкі.

Жалпы, баланы банк карталармен таныстыру қажет. Бұл баланың өмірде кездесетін қаржылық қызметтер әлеміне алғашқы қадамы.

Дүкенде төлем жасау үшін тапқан ақшаның бір бөлігін балалар картасына аударып қоюға болады. Сондай-ақ, карта болса балалар банкте депозит ашып, жинақтарын көбейтіп, шоттағы ақшаның қалай көбейіп жатқанын көріп отырады. Бұл қаржылық сауаттың әліппесі.

Балаларға арналған банк карталары — соңғы жылдардағы үрдіс: қандай артықшылықтары бар?

Балалардың төлем карталары ақшамен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға, қаражатын басқаруда өз бетінше шешім қабылдап, жауапкершілік алуына көмектеседі. Бөз өз кезегінде қаржылық сауатты арттырады.

Jusan Bank жуырда балаларға ақшаны дұрыс басқаруға және қаржылық дағдыларды дамытуға көмектесетін Jusan Family креативті отбасылық өнімін, арнайы балалар картасын және бірегей мобильді қосымшаны іске қосты.

Төлемдер, аударымдар және ақша алу сияқты негізгі қызметтермен қатар, балаларға бонустардың жаңа деңгейі ұсынылады. Мысалы, жоғары санатты таңдаған кезде сіз 5%-дан 15%-ға дейінгі бонустарды ала аласыз. Сонымен қатар, балаға тұрақты 1% сыйақы бар. Ал 1 маусым мен 31 шілде аралығында Jusan Bank осы картамен барлық сатып алулар үшін 5% бонус беретін акция өткізеді. Балаларға арналған 26 бірегей карта дизайны бар, бұл өнімді тіпті картаны ең жас пайдаланушылар үшін де өте тартымды етеді.

Jusan Family — балалардың картасы ғана емес, сонымен қатар ата-ана баласына қарапайым тапсырмаларды өз бетімен орындау арқылы қалта ақшасын табуға үйрететін, сондай-ақ өз мақсаттарын орындай отырып арманына жететін Jusan мобильді қосымшасының жаңа қызметі. Сонымен қатар, автоматты түрде толтыру функциясы бар, оның арқасында ақшаны белгіленген уақытта баланың шотына автоматты түрде аударуға болады, сондай-ақ басқа да көптеген ыңғайлы және пайдалы мүмкіндіктер қарастырылған.

Жалпы, балаларға арналған төлем карталарының артықшылықтары көп.

Балаларға арналған банк карталары — соңғы жылдардағы үрдіс: қандай артықшылықтары бар?

2023 жылдың мамыр айының басында ҚР-да айналымдағы төлем картарының саны шамамен 69 млн-ға жетіп, бір жылда бірден 17,6% көбейді.

Қазіргі уақытта елімізде бір тұрғынға 3,5 картадан келеді. Небәрі 5 жылдың ішінде айналымдағы карталар саны 3,4 есе, ал он жылда 5 еседен астам өсті. Мұндай деректер ҚР-да, сондай-ақ бүкіл әлемде төлем карталары секторының дамуын және қолма-қол ақшасыз төлемдерге сұраныстың жоғары екендігін көрсетеді.

Балаларға арналған банк карталары — соңғы жылдардағы үрдіс: қандай артықшылықтары бар?