Автомектептер қызметінің көлемі бір жылда 4% өсті. Алайда бұл бес жыл бұрынғыдан айтарлықтай аз

Фото: https://www.shutterstock.com/

14 просмотров

Биыл бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, көлік жүргізушілер даярлайтын мектептер көрсеткен қызмет көлемі 441,3 млн теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда құндық мәнде 3,5% көп.

Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде 426,5 млн теңгеге қызмет көрсетіліп, жылдық өсім 10,5%-ды құрады. Өткен жылдарда секторда 2019–2021 жылдар аралығындағы сәйкес кезеңде көрсетілген қызмет көлемінің төмендеуі байқалды. Биылғы көрсеткіші, мысалы, 2015 жылмен (1,6 есе) немесе 2018 жылмен (55,1%) салыстырғанда айтарлықтай төмен.

Автомектептер қызметінің көлемі бір жылда 4% өсті. Алайда бұл бес жыл бұрынғыдан айтарлықтай аз

Өңірлер бойынша Батыс Қазақстан облысының жүргізушілер даярлайтын мектептері ең көп қызмет көрсеткен: 64,5 млн теңге — былтырғыдан бірден 58,4% көп.

Үздік үштікке сондай-ақ Қарағанды ​​(55,3 млн теңге, 11,1% азайған) және Ақтөбе (46,9 млн теңге, 3,1 есе көбейген) облыстары енді. Одан кейінгі орында Ақмола (39,3 млн теңге) және Шығыс Қазақстан (36,8 млн теңге) облыстары тұр.

Ең аз қызмет Шымкентте көрсетілген: бір жыл бұрын 18,4 млн теңге болса, биыл 3,5 млн теңге ғана.

Автомектептер қызметінің көлемі бір жылда 4% өсті. Алайда бұл бес жыл бұрынғыдан айтарлықтай аз

Қызмет көрсетушілердің меншік нысандары бойынша, жүргізушілерді даярлайтын қызметті ең көп көрсеткендер жеке компаниялар: бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 407,6 млн теңгені құрады, 9,1% көбейген.

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметтерінің көлемі, керісінше, 37,8%, 29,8 млн теңгеге, шетелдік компаниялар қызметі 23,3%, 3,9 млн теңгеге дейін төмендеді.

Компаниялардың көлемі бойынша шағын кәсіпорындар секторда ең көп қызмет көрсетті: 439 млн теңге — бір жыл бұрынғыдан 3,6% артық. Орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметі 28,5% төмендеп, 1,7 млн теңге болса, iрi кәсiпкерлiктер қызметі 36,4% өсіп, 660 мың теңге болды.

Еске салайық: Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру ережелері өзгертілді. Процедура ҰБТ-ға ұқсас болады. Ішкі істер министрлігі жаңашылдық көлік иелерінің кәсіби деңгейін арттырып, сайып келгенде, жолдардағы жазатайым оқиғаларды азайтатынына сенімді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Автомектептер қызметінің көлемі бір жылда 4% өсті. Алайда бұл бес жыл бұрынғыдан айтарлықтай аз