Жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз: көптеген клиенттер мобильді банктік қосымшаларды не себепті таңдайды

Фото: https://www.shutterstock.com/

1 250 просмотров

Соңғы онжылдықта ҚР банк секторы цифрландыруға және қызметтерді онлайн-форматқа ауыстыруға басты назар аудара отырып, қатты өзгерді. Бұл үрдіс клиенттердің көңілінен шығып жатқаны рас. Жылдан жылға біз еліміздің қаржы институттарының онлайн-сервистерін пайдаланушылар санының серпінді өсуін байқадық.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ҚР-да мобильді банкингтің белсенді пайдаланушыларының саны 23,3 млн-ға жетті — бұл жыл басындағы көрсеткішке қарағанда 2,7%-ға артық. Жалпы, біз мобильді банкингтің өзінің шарықтау шегіне жеткен жағдайды көріп отырмыз. Осылайша, бірнеше жыл бұрын пайдаланушылар саны геометриялық прогрессияда өсті, қазір қарқыны төмендеді, бұл Қазақстандағы мобильді банкинг нарығының жетілуі мен жоғары деңгейін көрсетеді.

Бүгінде еліміздегі жеке тұлғалармен өзара әрекет жасайтын әрбір банк өзінің мобильді қосымшалары арқылы қызметтерді әзірлеп, оларды барынша белсенді түрде ұсынып келеді.

Жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз: көптеген клиенттер мобильді банктік қосымшаларды не себепті таңдайды

Similarweb порталының деректеріне сәйкес, соңғы үш айда Google Play-де еліміздің банк секторындағы ең танымал мобильді қосымшалар «Kaspi.kz суперприложение», Halyk Kazakhstan болып табылады, ал «Bereke Bank — Онлайн банк» мобильдік қосымшасы үздік үштікті жабады.

App Store-да да жағдай осыған ұқсайды, көшбасшылары да солар:

  • «Kaspi.kz суперприложение»;
  • Halyk Kazakhstan;
  • «Bereke Bank — Онлайн банк».

2023 жылмен салыстырғанда біздің рейтингіміздегі ең жақсы өсу динамикасын «Bereke Bank — Онлайн банк» мобильді қосымшасы көрсетіп тұр, 10-шы орыннан 3-ші орынға көтерілгенін ерекше атап өткіміз келеді.

Бұл Bereke Bank мобильді қосымшасының белсенді пайдаланушыларының өсу қарқынының жоғары болуына байланысты: бір жыл ішінде көрсеткіш 29%-ға жетті. Сондай-ақ, пайдаланушылардың жоғары рейтингі әсер етті, Google Play-де қосымшаны бағалау 4,8, ал App Store-да — 4,9.

Жалпы алғанда, Bereke Bank мобильді қосымшасы барлық негізгі банктік қызметтерді және басқа да көптеген қызметтерді қамтиды, соның ішінде: банктік шот пен картаны ашу және басқару, «Золотая корона» және SWIFT жүйелері арқылы халықаралық ақша аударымдары, онлайн-кредит ресімдеу, депозит ашу, Қазақстанның басқа банктеріне жедел аударымдар, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, салықтар, айыппұлдар және басқа да көптеген төлемдер, ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі және т. б.

Жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз: көптеген клиенттер мобильді банктік қосымшаларды не себепті таңдайды

Жалпы, елдегі онлайн-банкингтің сұранысы мен танымалдығы респонденттердің сауалнамаларына негізделген статистикалық мәліметтермен расталады. ҚР СЖжРА ҰСБ деректеріне сәйкес, Қазақстанда үй шаруашылықтарының онлайн-банкингті пайдалану деңгейі екі жыл ішінде 19,8%-дан 26,8%-ға дейін өсті, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш небәрі 8,9%-ді құрады.

Жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз: көптеген клиенттер мобильді банктік қосымшаларды не себепті таңдайды

Клиенттер тарапынан банктердің мобильді қосымшаларына жоғары сұраныс — бұл күтілетін құбылыс. Төменде инфографикада халықтың онлайн қызметтерді белсенді пайдалануының негізгі себептерін атап өтеміз.

Жылдам, ыңғайлы, қауіпсіз: көптеген клиенттер мобильді банктік қосымшаларды не себепті таңдайды