Ұлттық киберқауіпсіздік индексі рейтингінде Қазақстан 176 елдің ішінде 78-орында

Фото: https://www.shutterstock.com/

359 просмотров

Ұлттық киберқауіпсіздік индексі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан әлемде 176 елдің ішінде 78-орында. ҚР индексі 48,05% — (максималды мүмкіндік 100%) халықтың цифрлық даму деңгейі 60,18%-ға жетті. Ұлттық киберқауіпсіздік индексі — елдердің киберқауіптің алдын алуға және киберқауіпті басқаруға дайындығын өлшейтін жаһандық операциялық индекс.

Елдерді бағалаудың негізі үш ірі санаттан тұрады: жаһандық киберқауіпсіздік индексі, АКТ даму индексі және желілік дайындық. Бұл санаттар 12 ішкі санатқа бөлінеді. Олардың ішінде Қазақстанның киберқауіпсіздік саясатын әзірлеу саласындағы көрсеткіші 57%, киберқауіпсіздік туралы талдау және ақпарат — 60%, білім беру және кәсіби даму — 89%, жаһандық киберқауіпсіздікке үлес — 17%, цифрлық қызметтерді қорғау — 0%, негізгі қызметтерді қорғау — 17%, электрондық сәйкестендіру және сенім қызметі — 89%, дербес деректерді қорғау — 100%, киберқауіпке ден қою — 50%, кибердағдарысты басқару — 20%, киберқылмысқа қарсы күрес — 44%, әскери кибероперация — 0%.

Ұлттық киберқауіпсіздік индексі рейтингінде Қазақстан 176 елдің ішінде 78-орында

ТМД елдерінің арасында рейтингте Қазақстаннан жоғары Украина*, Ресей, Әзірбайжан, Молдова және Беларусь, төменде — Қырғызстан, Өзбекстан, Армения және Тәжікстан.

Бельгия, Литва және Эстония сияқты елдер рейтингте көшті бастады, ал Оңтүстік Судан соңында.

Айта кетейік, ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл бірінші тоқсанда Қазақстанда киберқауіпсіздік саласындағы қызмет көлемі 2,9 млрд теңгеге жетті — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда ақшалай 41% артық.

Кәсіпорындар көлемі бойынша шағын компаниялар ең көп қызмет көрсетті: 1,6 млрд теңге, көрсеткіш бір жылда 45,7% өскен. Ірі компаниялар көрсеткен қызмет көлемі 1,3 млрд теңге (бір жылда 35,8% өскен), орта кәсіпорындар бар болғаны 482,4 мың теңгенің қызметін көрсетті. Меншік түрі бойынша жеке меншік компаниялар 1,6 млрд теңгеге, мемлекеттік компаниялар 1,3 млрд теңгеге қызмет көрсетті.

* Украинаның ТМД-да бірқатар себептері бойынша даулы мәртебеге ие.

Ұлттық киберқауіпсіздік индексі рейтингінде Қазақстан 176 елдің ішінде 78-орында

Өңірлер бойынша киберқауіпсіздік саласындағы қызметтің басым бөлігі Астанада көрсетілді: 1,4 млрд теңге, бір жылда ақшалай 40,8% өскен. Салыстыру үшін: былтыр көрсеткіш 989,8 млн теңге болған.

Екінші және үшінші орында Алматы (1,1 млрд теңге, жылдық өсім — 17,5%) және Қарағанды облысы (94,4 млн теңге, бір жыл бұрын 7 млн теңге болған). Түркістан облысында ең аз қызмет көрсетілді: 126,5 мың теңге.

Бұл ретте Абай, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында қызмет мүлде көрсетілмеді.

Ұлттық киберқауіпсіздік индексі рейтингінде Қазақстан 176 елдің ішінде 78-орында