ҚР-дағы министрлердің орташа жасы — шамамен 50 жас

Фото: https://www.shutterstock.com/

105 просмотров

Биыл 20 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстандағы министрлердің орташа жасы 49,9 жасты құрады.

Ең үлкені — экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев: 62,5 жаста. Одан кейін қорғаныс министрі Руслан Фатихұлы Жақсылықов (58 жас) және ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпеллұлы Сапаров (57,7 жас).

Ең жас министр — Марат Кәрімжанұлы Қарабаев, ол небәрі 36,6 жаста. Одан кейін төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Сайранұлы Арынов (40,3 жас) және цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Батырбекұлы Мусин (41 жас).

ҚР-дағы министрлердің орташа жасы — шамамен 50 жас

Ranking.kz редакциясы ЕАЭО елдері министрлерінің жасын да зерттеді. Бүгінде бес елдің министрлерінің орташа жасы 50,9 жасты құрайды. Қазақстанда 21 министрдің 10-ның жасы осы орташадан жоғары.

Армения министрлер кабинетін* ЕАЭО елдеріндегі министрлердің ең жас құрамы деп санауға болады: 40,9 жас. Ең кәрі құрам — Ресей министрлері, олардың орташа жасы 55,1. Қырғызстанда министрлердің орташа жасы 52,6, Беларусьте 51,6.

* биыл ақпанда қызметінен кеткен экономика министрін қоспағанда

ҚР-дағы министрлердің орташа жасы — шамамен 50 жас

ЕАЭО елдеріндегі ең қарт министр — Ресей сыртқы істер министрі Сергей Викторович Лавров: 73,9 жаста. Одан кейін Ресей энергетика министрі Николай Григорьевич Шульгинов, Ресей көлік министрі Виталий Геннадьевич Савельев, Ресей қорғаныс министрі Сергей Кужүгетович Шойгу және Беларусь табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Андрей Павлович Худык келеді.

Ең жасы Арменияның жоғары технологиялық өнеркәсіп министрі Мхитар Айрапетян: 33,8 жаста. Ең жастардың қатарына Арменияның еңбек және әлеуметтік мәселелер министрі Нарек Мкртчянды, Қазақстанның көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаевты, Арменияның қорғаныс министрі Сурен Папикянды және Қырғызстанның әділет министрі Аяз Батырқұлұлы Баетовты жатқызуға болады.

ҚР-дағы министрлердің орташа жасы — шамамен 50 жас