Әлемде тәулігіне орта есеппен 11 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі

Фото: https://www.shutterstock.com/

Worldometers.info мәліметінше, әлемдегі табиғи газ қоры 1,074 триллион МЭБ*.

Bp.com мәліметінше, 2020 жылға арналған газдың жаһандық дәлелденген қоры 188,1 трлн куб метр, бір жыл бұрынғыдан 1,2% аз, ал 2010 жылмен салыстырғанда 4,5%, 2000 жылдағыдан 36,3%, 1990 жылдағыдан 73,6% және 1980 жылдағыдан бірден 2,7 есе көп.

Ең үлкен әлемдік қорлар Таяу Шығыс елдерінде шоғырланған: 75,8 трлн куб метр. Екінші және үшінші орында ТМД елдері (56,6 трлн куб метр) және Азия-Тынық мұхиты аймағы (16,6 трлн куб метр). Солтүстік Америкада қор 15,2 трлн куб метр, Африкада — 12,9 трлн куб метр, Оңтүстік және Орталық Америкада — 7,9 трлн куб метр, Еуропада — бар болғаны 3,2 млрд куб метр.

* Мұнай эквивалентінің баррелі (МЭБ) немесе Barrels of oil equivalent (BOE) — отын түрлерін салыстыру үшін пайдаланылатын шартты отын. Бұл 1 баррель (42 америка галлоны немесе 158,9873 литр) шикі мұнайды жағудан алынған орташа жылу шығаруға баламалы энергия бірлігі. 1 BOE шамамен 6000 куб фут (170 куб метр) табиғи газға тең.

Әлемде тәулігіне орта есеппен 11 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі

2021 жылдың соңында әлемдік табиғи газ өндірісі 4 трлн куб метрді құрады — 2010 жылмен салыстырғанда 28,1%, ал 2000 жылдағыдан 68,2% артық.

Ең үлкен өндіріс көлемі Солтүстік Америкада (1,1 трлн куб метр) және ТМД елдерінде (896 млрд куб метр) тіркелді. Одан кейін Таяу Шығыста (714,9 млрд куб метр), Азия-Тынық мұхиты аймағында (669 млрд куб метр), Африкада (257,5 млрд куб метр), Еуропада (210,4 млрд куб метр), Оңтүстік және Орталық Америкада (153,3 млрд куб метр).

2021 жылы әлемде тәулігіне 11,1 млрд куб метр табиғи газ өндірілді. Көрсеткіш 2010 жылы — 8,6 млрд куб метр, 2000 жылы — 6,6 млрд куб метр өндірілді. Солтүстік Америкада тәулігіне өндіріс көлемі 3,1 млрд куб метрді құрады. ТМД елдерінде — 2,5 млрд куб метр, Таяу Шығыста — 2 млрд куб метр, Азия-Тынық мұхиты аймағында — 1,8 млрд куб метр, Африкада — 705,5 млн куб метр, Еуропада — 576,5 млн куб метр, Оңтүстік және Орталық Америкада — 420,1 млн куб метр өндірілді.

Әлемде тәулігіне орта есеппен 11 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі

2021 жылы табиғи газды тұтыну 4 млрд куб метр болды — 2010 жылмен салыстырғанда 27,8%, ал 2000 жылдағыдан 68,3% артық.

Ең көп тұтыну көлемі Солтүстік Америкада (1 трлн куб метр) және Азия-Тынық мұхиты аймағында (918,3 млрд куб метр) тіркелді. ТМД бойынша тұтыну 610,8 млрд куб метр, Таяу Шығыста — 575,4 млрд куб метр, Еуропада — 571,1 млрд куб метр, Африкада — 164,4 млрд куб метр, Оңтүстік және Орталық Америкада — 163,3 млрд куб метр болды.

Әлемде тәулігіне 11,1 млрд куб метр газ тұтынылады. Соның ішінде Солтүстік Америкада — 2,8 млрд куб метр, Азия-Тынық мұхиты аймағында — 2,5 млрд куб метр, ТМД елдерінде — 1,7 млрд куб метр, Таяу Шығыста — 1,6 млрд куб метр, Еуропада — 1,6 млрд куб метр, Африкада — 450,4 млн куб метр, Оңтүстік және Орталық Америкада — 447,5 млн куб метр.

Әлемде тәулігіне орта есеппен 11 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі