2024 жылы заңды тұлғалардың Қазақстан банктеріндегі салымдарының портфелі 17,9 трлн теңгеге жетіп, 22,1%-ға артты. Бизнес салымдарының барлық көлемінің бірден 89%-ы заңды тұлғалардың қаражатын ұстаушы-үздік ірі 10 банкте жинақталған: 15,9 трлн теңге, жылдық өсім — 22,8%. Демек, кәсіпкерлер өз қаражатын сенімді, сыннан өткен қаржы институттарында сақтауды жөн көреді. Атап айтқанда, реттеуші орган — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРжДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымованың сөзінше, салымдар көлемінің ұлғайғаны экономикалық агенттер тарапынан банк жүйесіне деген сенімнің артқанын аңғартады. Сонымен қатар реттеушінің айтуынша, банк секторы Қазақстанның экономикалық мақсаттарын белсенді қолдау арқылы тұрақтылықтылығын сақтап, өсуде. Барлық негізгі қаржылық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады.
Жеке банктерді және олардың бизнес депозиттері сегментіндегі көрсеткіштерін қарастырайық.
Сектордың үздік банктері арасында заңды тұлғалардың салымдарының жылдық өсімі бойынша Bereke Bank абсолютті көшбасшы атанды: салымдар бірден 51,8%-ға артып, ағымдағы жылдың басында 857,3 млрд теңгеге дейін жетті. Банк салымдарының портфелі тепе-теңдігімен ерекшеленеді: ондағы бизнес салымдары 56,8%-ды құрайды, ал қаржы институтының өзі корпоративтік және бөлшек сегмент бағытында да жұмыс істейді. Корпоративтік клиенттерді, сондай-ақ ШОК және жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, Bereke Bank бизнес үшін салымдардың кең желісін ұсынады, мысалы, «Овернайт», «Жинақтаушы», «Мобильді», «Сақтаушы» депозиттері, бұл салымдар бойынша қаражатты толықтыруға/шешіп алуға болады немесе шешіп алуға болмайды, СЖТМ — 15,5%-ға дейін, ал мерзімі — небәрі бір түннен үш жылға дейін (икемді).

Үздік банктер арасында заңды тұлғалардың салымдарының жылдық өсімі бойынша Bank RBK екінші орынға жайғасты: салымдар 47,6%-ға артып, 1 трлн теңгеге дейін жетті. Аталған қаржы институтында бизнес-депозиттер салымдардың 61,2%-ын құрайды.
Үздік үштікті Банк ЦентрКредит түйіндейді: салымдар жылына 42,2%-ға артып, жыл басына қарай 2,5 трлн теңгеге дейін жетті. Бизнес салымдары банктің депозиттік портфелінің 46,9%-ын құрайды.
Сондай-ақ Шинхан Банк Қазақстан (плюс 35,6%), ForteBank (плюс 32,1%) және Kaspi Bank (плюс 26,4%) сияқты сектордағы ірі банктердің бизнес салымдарының портфельдері сектор бойынша жылдам өсті.
Жалпы, сектор бойынша Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 19-ы, оның ішінде аталған барлық үздік он банк оң көрсеткішке қол жеткізді. Бизнес салымдар портфелі қарқынды түрде өсуде. Мәселен, бес жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда, ағымдағы көрсеткіш 2,1 есе, он жылдық динамикада 2,6 есе өскен.
Банк секторына, атап айтқанда, бизнес-салымдар сегментінде байқалған оң динамика болашақта да сақталуы тиіс, себебі реттеушілер мен халықаралық агенттіктердің цифрлары да, оң бағалары да осыны меңзейді. Мысалы, S&P Global Ratings өзінің BICRA рейтингісінде елдің позициясын көтерді: сарапшылар банк секторының тәуекелдерін бағалауды «8» тобынан «7» тобына дейін жақсартты.

ҚР ЕДБ салымдарының жиынтық портфелінде заңды тұлғалардың депозиттері 42,2%-ды құрайды, өткен жылдың басында бұл көрсеткіш 41,8% болса, ал бес жыл бұрын 48,2%-ға тең болды.
2024 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалар үшін ұлттық валютадағы мерзімді депозиттер бойынша сыйақының орташа мөлшерлемесі 14%-ды (2023 жылғы желтоқсанда 14,6%-ды) құрады.