Бөлшек депозиттер бойынша 2024 жылдың қорытындысына тоқталайық. 1 қаңтарға қарай жеке тұлғалардың ҚР ЕДБ-дағы салымдары 24,6 трлн теңгені құрап, абсолютті көрсеткішке жетті. Бұл Қазақстан банктеріндегі барлық салымдардың жиынтық көлемінің 57,8%-ы. Осы орайда, қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 17-сі (халықтың салымдарын ұстаушы он үздік банкті қоса алғанда) оң көрсеткішке қол жеткізді.
Салымдардың өсімі бойынша қай банк көш бастап тұр?
Еліміздегі ірі банктер арасында Bereke Bank ең үздік көрсеткішпен алға шықты: салымдар бірден плюс 51,8%-ға, 652,7 млрд теңгеге дейін көбейді. Тек желтоқсан айында қаржы институтының бөлшек салымдар портфелі тағы 8,9%-ға өсті. Мәлімет үшін: бөлшек және корпоративтік сегменттегі банк салымдарының жиынтық портфелі 1,5 трлн теңгеден артып, жылдық өсім бір жарым еседен асты. Халықтың Bereke Bank-ке артқан жоғары сенімі банк көрсеткіштерін өсіруге оң ықпал етті.
Біз мұндай көрсеткішті орынды деп санаймыз: Bereke Bank халыққа бөлшек депозиттердің кең желісін ғана емес, сондай-ақ нарықтағы ең жоғары мөлшерлемелердің бірін ұсынып отыр. Мәселен, «Сәлем» акционерлік депозиті бойынша 2 айға салым ашқан жағдайда, СЖТМ рекордтық жылдық 18%-ды құрайды.
![Жыл қорытындысы: Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың салымдары 25 триллион теңгеге жуықтады](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2025/02/111-5.png)
Сектордағы жылдық өсім бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар плюс 32,4%-ға, 639,4 млрд теңгеге дейін артты. Ал банк депозиттерінің жиынтық портфелі 1,6 трлн теңгеге жетіп, жылдық өсім 41,3%-ға ұлғайды.
Халық салымдары портфелінің өсімі бойынша көшбасшылардың үштігін Freedom Bank түйіндейді: салымдар плюс 27,5%-ға, 585,9 млрд теңгеге дейін көбейді. Қаржы институтындағы салымдардың жалпы көлемі жыл басында 1,1 трлн теңгені құрады, бір жыл ішінде 44,9%-ға өсті.
Аталған үздік үштіктен бөлек, Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында Банк ЦентрКредит (жылына плюс 26%), Halyk Bank (плюс 23,3%) және Kaspi Bank (плюс 21,7%) те нарықта оң көрсеткішке қол жеткізді.
Бір айта кетерлігі, қазақстандықтар ірі әрі сенімді банктерді таңдайды. Мәселен, Қазақстандағы үздік он ЕДБ-да халықтың барлық салымдарының 95,6%-ы немесе 23,5 трлн теңге жатыр. Қалған 11 банкте небәрі 1,1 трлн теңге жинақталған, бұл орайда, халық салымдарының ең көп көлемі негізінен үш банкте ғана байқалды (Home Credit Bank, Altyn Bank және Нұрбанк). Шын мәнісінде, қазақстандықтар өз қаражатын шағын банктерге салмайды, олар ірі тұрақты қаржы институттарын жөн көреді.
![Жыл қорытындысы: Қазақстан тарихында алғаш рет халықтың салымдары 25 триллион теңгеге жуықтады](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2025/02/222-2.png)
Осы тұрғыда, мынаны еске салайық, бірнеше ай бұрынғы мөлшерлемемен салыстырғанда, қазіргі уақытта депозиттер бойынша мөлшерлемелер жоғары. Өткен жылдың қараша айының соңында ҚР Ұлттық банкі ұзақ уақыт ішінде алғаш рет базалық мөлшерлемені бірден бір пайыздық тармаққа, 15,25-ға дейін көтерді.
Биылғы жылдың қаңтар айында реттеуші мөлшерлеменің әзірге ағымдағы деңгейде сақталатынын айтты. Келесі шешім наурыз айында қабылданады, яғни, қазіргі тиімді шарттарды, өсімді ескере отырып, депозит ашу мүмкіндігін пайдаланып қалыңыз.