2023 жылдың соңында жеке тұлғалардың депозиті рекордтық 20,4 трлн теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда бірден 20,6%-ға артық.
Халықтың депозиттерін ұстайтын алғашқы он банктің барлығында айтарлықтай өсім байқалады. Жылдық өсім бойынша Bereke Bank көшбасшы: мұнда жеке тұлғалардың депозиттік портфелі бірден 2,1 есеге артып, 430 млрд теңгеге жетті.
2022 жылы қазақстандық банкке айналған Bereke Bank 2023 жылы белсенді түрде өз позициясын қалпына келтіре бастады. Банк депозиттері жоғары мөлшерлемесі мен ұсынылған қосымша акцияларымен ерекшеленді. Мысалы, ЖТСМ 15,3%-ға дейінгі «Күн Сайын» икемді (яғни толықтыруға және ішінара алуға мүмкіндік беретін) депозитін ашқан кезде, Bereke Bank банк картасымен жасалған әр саудаға жоғары кешбэк ұсынады. Кешбэктің көлемі салым сомасына байланысты: 2–5 млн теңге сомадағы депозитке 5%, 5–10 млн теңгеге 7% және 10 млн теңгеден жоғары депозитке тіпті 10% кешбэк беріледі. Сондай-ақ банкте 17,6%-ға дейін ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін ұсынатын «Пайдаңды жіберіп алма» жинақ депозиті бар. Бұл салым бойынша соманы толықтыруға және ішінара ақша алуға болмайды.
Өсім бойынша екінші орында Фридом Финанс Қазақстан банкі: 48,5%-ға, яғни 459,4 млрд теңгеге дейін артқан. Үздік үштікті Kaspi Bank жабады: 36,6%-ға, 5,1 трлн теңгеге дейін өскен.
Ірі ЕДБ арасында жылдық өсім бойынша алғашқы бестікке Еуразиялық Банк (плюс 23,6%) және ForteBank (плюс 18,6%) та кірді.
Ескерту: егер ірі банктердің ішінде он банктің барлығы оң динамиканы көрсеткен болса, жалпы секторда үш ЕДБ минусты көрсетті — Ситибанк Қазақстан (минус 0,1%), Заман-Банк ислам банкі (минус 33%) және Шинхан Банк Қазақстан (минус 25,8%).
Қазақстандық банктердегі халықтың депозиті қарқынды және тұрақты өсіп келе жатқандықтан, маңызды жайтты еске түсірген жөн: ҚР-дағы депозиттер банк лицензиясынан айырған жағдайда Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКҚ) кепілдігімен қорғалады (жүйеге 21 ҚР ЕДБ-нің 19-ы қатысады — исламдық банктерден басқа).
Бұл ретте ҚДКҚ бір банкте (соның ішінде жинақ депозитін ашу шартымен) жалпы сомасы 20 млн теңгеге кепілдік береді. Сондықтан пайызбен бірге сома осы көрсеткіштен асып кетсе, әр түрлі банктерде депозит ашқан дұрыс.
Сондай-ақ, әрбір депозит түрінің өз кепілдік шектеулері бар екенін еске салған жөн:
- теңгедегі жинақ салымға — ең көбі 20 млн теңге;
- жинақтарды қоспағанда, теңгедегі барлық депозиттерге — 10 млн теңгеге дейін;
- шетел валютасындағы депозиттерге — 5 млн теңгеге дейін.