Заңды тұлғалардың салымдарының көлемі қысқарды: бизнес қаражатты қай банкте сақтағанды жөн көреді?

Фото: https://www.shutterstock.com/

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша заңды тұлғалардың Қазақстан банктеріндегі салымдары 17,5 трлн теңгені құрады. Бұл орайда салымдардың көлемі жыл басынан бері 2,2%-ға немесе 388,6 млрд теңгеге азайды. Алайда барлық банктер бірдей минусқа кеткен жоқ.

Қазақстандағы ірі ЕДБ арасында тек төрт қаржы институты оң динамика көрсетті. Жыл басынан бері бизнес салымдарының көлемі бойынша ең жоғары өсімді Kaspi Bank көрсетті: плюс 19,5%, 784,1 млрд теңгеге дейін. Банк қаржылай түрде де үздік нәтижеге қол жеткізді: жыл басынан бері 128 млрд теңге пайда тапты.

Ал ForteBank-тегі заңды тұлғалардың салымдарының көлемі 5,8%-ға (немесе 105 млрд теңгеге) ұлғайды. Freedom Bank-те жыл басынан бері 3,1%, Halyk Bank-те 1,5% өсім тіркелді. Қалған ірі банктер теріс динамика көрсетті.

Жалпы Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 11-інде бизнес салымдарының көлемі қысқарды.

Заңды тұлғалардың салымдарының көлемі қысқарды: бизнес қаражатты қай банкте сақтағанды жөн көреді?

Егер ұзақ мерзімді динамиканы қарастыратын болсақ, жыл сайын үдемелі өсу байқалады. Мәселен, өткен жылдың дәл осындай айында заңды тұлғалардың ҚР ЕДБ-дағы салымдарының көлемі 13,3%-ға көбейді, ал бес жыл ішінде 2 еседей өсім тіркелді.

Ел банктеріндегі бизнес салымдарының негізгі үлесін мерзімді депозиттер құрайды: 59% немесе 10,4 трлн теңге. Одан кейін — ағымдағы шоттар (34,5%) және талап етілгенге дейінгі салымдар (2,5%).

Заңды тұлғалардың шартты және жинақ салымдарының үлесі мынадай: 2,1% және де 1,9%.

Заңды тұлғалардың салымдарының көлемі қысқарды: бизнес қаражатты қай банкте сақтағанды жөн көреді?