Қазақстанның кредит нарығы бес жылда 2,5 есе өсті: қай банктер портфельдерін жылдамырақ ұлғайтып жатыр?

Фото: https://www.shutterstock.com/

Биылғы жылдың бірінші жартысында ақша-кредит саясатының қатаңдатылуына қарамастан, Қазақстанның кредит нарығы өсімін сақтады. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ҚР ЕДБ-ның несие портфелі 46,3 трлн теңгеге жетіп, бір жылда 13,1%-ға артты. Алайда өсім қарқыны төмендеді. Салыстыру үшін: алдыңғы үш жылда банктердің кредиттік портфелі жыл сайын 20%-дан астам өскен болатын.

Жекелеген банктер бөлінісінде динамика әртүрлі. Елдегі ең ірі 10 банктің үлесіне жиынтық несие портфелінің 92%-дан астамы тиесілі болса, қалған 13 ЕДБ-ның үлесі 8%-дан төмен болды.

Ірі банктер арасында да кредит беру динамикасы айтарлықтай ерекшеленді: екі таңбалы өсімнен бастап теріс көрсеткіштерге дейін өзгерді.

Несие портфелінің ең жоғары өсімін Home Credit Bank көрсетті: бір жылда 26,6%-ға өсті, бұл сектор бойынша орташа көрсеткіштен екі есе жоғары. Қаржы институтының портфелі 1,2 трлн теңгеге жетті. Банк кредиттік өнімдерін белсенді түрде дамытып, бүкіл әлемде пайдалануға болатын бөліп төлеу карталарынан бастап, 9,5 млн теңгеге дейінгі кепілсіз онлайн-кредиттерге дейін түрлі шешімдер ұсынады. Соңғы көрсеткіш — нарықтағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Несие портфелінің өсу қарқыны жоғары ҚР ЕДБ қатарына мынадай банктер кірді:

  • Bank RBK — бір жылда 25%-ға өсті;
  • Bereke Bank — 24,3%-ға өсті;
  • Отбасы банк — 24,2%-ға өсті.

Қалған ірі банктерде несие портфелінің өсімі 7%–16% аралығында болды.

Ал екі қаржы институтында теріс динамика байқалды.

Қазақстанның кредит нарығы бес жылда 2,5 есе өсті: қай банктер портфельдерін жылдамырақ ұлғайтып жатыр?

Жалпы алғанда, 2020 жылдан бастап Қазақстанның кредит нарығы қарқынды өсу кезеңіне өтті. Соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-ның несие портфелі 2,5 еседен астам ұлғайып, жылдық орташа өсу қарқыны 21,6%-ды құрады.

Бұл көрсеткіш ел экономикасында банктердің рөлі артып, бизнес пен халықтың кредит алу мүмкіндігі кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.

Алайда кредит көлемінің артуымен қатар, банктер үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігін ескеру, кредит сапасын сақтау және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету маңызды.

Қазақстанның кредит нарығы бес жылда 2,5 есе өсті: қай банктер портфельдерін жылдамырақ ұлғайтып жатыр?