Қазақстанның банк секторы активі 48 триллион теңгеге жақындады — кезекті рекорд

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылғы қыркүйектің аяғында ҚР банк секторында 21 ЕДБ болды. Банк секторының активі биыл қыркүйекте 2,5% немесе 1,2 трлн теңгеге (жыл басынан бері — 7,5% немесе 3,3 трлн теңгеге) ұлғайып, 47,9 трлн теңгені құрады.

Өтімділігі жоғары активтер 14,2 трлн теңге немесе барлық активтердің 29,6%-ы, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік берді.

ҚР ЕДБ арасында жыл басынан бері актив өсімі бойынша көшбасшы Фридом Финанс Қазақстан банкі: 66,7% көбейіп, 2,1 трлн теңгеге жеткен. Банк активінің үлесі сектордағы жалпы көлемнің 4,4%-ы.

Еуразиялық Банк екінші орында: қаржы институтының активі 22,2% өсіп, 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл сектордың 6%-ы.

Kaspi Bank үшінші орында: бірден 943 млрд теңгеге (немесе 18,5%) ұлғайып, 6 трлн теңгеге жетті. Бір жылда 2022 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге немесе 33,4% өсті. Бұл ретте қаржы институтының елдің банк секторындағы үлесі 12,6%-ға дейін өсті.

Қазақстанның банк секторы активі 48 триллион теңгеге жақындады — кезекті рекорд

Жыл басынан бері актив көлемінің ұлғаюы бойынша көш бастап келе жатқан ҚР ЕДБ бестігіне ЦентрКредит банкі (517 млрд теңгеге немесе 11,9% көбейген) және Отбасы банкі (392 млрд теңге немесе 11,4% көбейген) кірді.

Жалпы, еліміздегі 21 банктің 13 қаржы институты ғана активін көбейтсе, қалған 8 ЕДБ көрсеткіші төмендеді. Олардың қатарында Ситибанк Қазақстан, Bank RBK, Қазақстандағы Қытай банкі, Jusan Bank, Altyn Bank, Halyk Bank, Заман-Банк ислам банкі және Нұрбанк бар.

Жалпы, жылдық динамика бойынша ҚР ЕДБ активі 14,8% өсті, ал бес жылда өсім 95,1% болды. Осылайша, біз еліміздің банк секторының активі жылдан жылға серпінді қарқынмен өсіп, ел экономикасындағы рөлін арттырып келе жатқанын көріп отырмыз.

Қазақстанның банк секторы активі 48 триллион теңгеге жақындады — кезекті рекорд