Қазақстандықтардың банк секторына деген сенімі күн санап артуда

Фото: https://www.shutterstock.com/

2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан банктеріндегі халықтың салымы 22,2 трлн теңгеге жетті, бұл бір ай бұрынғы көрсеткішке қарағанда, 1,3%-ға көп. Жеке тұлғалардың ақшалай салымы бір айда 286,1 млрд теңгеге артты.

Барлық ЕДБ арасында Kaspi Bank айтарлықтай өсім көрсетіп, көшбасшы атанды: халықтың қаржы институтындағы салымы 125,4 млрд теңгеге немесе 2,3%-ға ұлғайды. Ал жылдық динамика бойынша 1,2 трлн теңгеге өсім көрсетті.

Жеке тұлғалар салымының айлық өсімі бойынша Halyk Bank екінші орынға жайғасты: салым мөлшері 56,5 млрд теңгеге немесе 0,9%-ға көбейді. Үшінші орынға Банк Центркредит орналасты: салым сомасы 43,7 млрд теңгеге немесе 1,8%-ға артты.

Тұтастай алғанда, бұл үш қаржы институты бөлшек салымдар нарығының 65%-ын құрайды.

Барлық банктер салымдар бойынша жақсы өсім көрсете алмады. Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның алтауы минусқа кетті.

Қазақстандықтардың банк секторына деген сенімі күн санап артуда

Ұзақ мерзімді динамикаға сүйенсек, халықтың еліміздегі банктердегі салымдары жылдан жылға қарқынды түрде өсуде, бұл азаматтардың банк жүйесіне деген сенімін, цифрлық қызметтердің дамып келе жатқанын және банк өнімдеріне деген сұранысты аңғартады. Мәселен, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың салымдары бір жылда 22,4%-ға көбейген.

Дәл осындай кезеңмен салыстырғанда, бес жыл бұрын 2,5 еседен астам өсім байқалды. Соңғы бес жылда халықтың салымы жылына орта есеппен 20,6%-ға өсті. Ал ҚР ЕДБ депозиттік портфеліндегі жеке тұлғалар салымының үлесі 58%-ды құрады.

Қазақстандықтардың банк секторына деген сенімі күн санап артуда