Қазақстанда мобильді және онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар саны абсолютті рекордық көрсеткішке жетті

Фото: https://www.shutterstock.com/

22 просмотров

Биыл қазан айына қарай жүргізілген есептер бойынша Қазақстанда еліміздегі банктердің онлайн-сервистерін 24,8 млн белсенді пайдаланушы қолданады екен, бұл соңғы жылдарда байқалған абсолютті рекордтық көрсеткіш болып табылады. 2023 жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда, олардың саны 12,4%-ға артты. Ал енді ең көп сұранысқа ие ЕДБ және басқа да қаржы институттарының мобильді қосымшаларын қарастырайық.

Google Play-де берілген «Қаржы» санатында Kaspi.kz-тің «Kaspi.kz супер қосымшасы» ең танымал мобильді қосымша болып қалды. Айта кетерлігі, банктің мобильді қосымшасы ұзақ уақыт бойы бірінші орынды тұрақты түрде ұстап тұр.

Екінші орынға Halyk Bank-тің Halyk Kazakhstan мобильді қосымшасы орналасты. Ал Otbasy Bank топ-3 мобильді қосымшаның қатарына енді.

Сондай-ақ, көшбасшылар қатарына төртінші орынды иеленген «Home Credit Bank — банк онлайн» мобильді қосымшасы кірді. Бір қызығы, бесінші орынға Kaspi.kz экожүйесінің бизнеске арналған тағы бір мобильді қосымшасы — Kaspi Pay жайғасты.

Қазақстанда мобильді және онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар саны абсолютті рекордық көрсеткішке жетті

App Store негізінде жасалған рейтинг те жоғарыда көрсетілген рейтингке ұқсас. «Kaspi.kz супер қосымшасы» «алма» сервистерін пайдаланушылардың арасында да ең көп сұранысқа ие мобильді қосымша болды. Осылайша, Kaspi.kz жеке тұлғаларға арналған мобильді қосымшалардың ішінде қолданылуы бойынша абсолютті көшбасшы атанды.

Екінші орынға тағы Halyk Kazakhstan қосымшасы орналасты. Үшінші орынға өзгеріссіз OtbasyBank қосымшасы жайғасты. Ал үздік бестіктегі қалған екі өкіл өзгерді, олар: BCC.KZ және Jusan.

App Store-да Kaspi Pay және «Home Credit Bank — банк онлайн» алтыншы және жетінші орындарды иеленді.

Банктерден бөлек, «Қаржы» санатында топ-10 танымал мобильді қосымшаның қатарына «БЖЗҚ» (зейнетақы қорының қосымшасы) және Simply қосымшалары енді.

Қазақстанда мобильді және онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар саны абсолютті рекордық көрсеткішке жетті