Экономиканы несиелендіру — елді дамытудың негізгі қозғалтқыш күштерінің бірі. Қаржыландыруға жеткілікті қолжетімділік болмаса, кәсіпті дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру мүмкін емес. Қазақстанда екінші деңгейдегі банктер бұл үдерісте басты рөл атқарады. Алайда 2020 жылға дейін ішкі және сыртқы дағдарыстардың әсерінен банктік несиелеу тұрақсыз болды. Соңғы уақытта жағдай өзгерді: 2020 жылдан бастап тұрақты және белсенді өсу қарқыны байқалады. Сонымен соңғы бес жылда қазақстандық банктердің несиелік портфелі жыл сайын орта есеппен 22%-ға өсті, ал алдыңғы бесжылдықта өсу қарқыны 2,6%-дан аспады, ал кейбір кезеңдерде тіпті төмен болды десек те болады.
Ағымдағы жылға келетін болсақ, тамыз айының соңындағы жағдай бойынша ҚР ЕДБ-нің жиынтық несие портфелі жыл басынан бері 14,1%-ға артып, шамамен 41 трлн теңгеге жетті. Несиелендірудің өсуі, басқалармен қатар, бизнеске берілетін қарыз қаражаттарының ұлғаюын қамтамасыз етті.
Еліміздегі ең ірі банктердің ішінде ForteBank несие портфелінің өсу қарқыны бойынша көшбасшыға айналды: жыл басынан бері көрсеткіш 54,4%-ға өсті, бұл орташа нарықтық деңгейден айтарлықтай жоғары. Қаржы институтының несие портфелінің көлемі 2,9 трлн теңгеге жетті. Бұдан басқа, мұндай өсім банкке жыл басынан бері нарықтағы үлесін 5,3%-дан 7,2%-ға дейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді.
ForteBank корпоративтік секторды қоса алғанда, несиелеудің барлық бағытын белсенді түрде дамытуда. Қаржы институтының жылдық есебіне сәйкес 2024 жылы несие портфелінің құрылымындағы бизнестің үлесі 62%-ды құрады, оның 29,1%-ы шағын және орта бизнеске (ШОБ), ал 32,9%-ы басқа корпоративтік сегменттерге тиесілі. Бұл бағыттарда банк металлургия кәсіпорындарын, қызмет көрсету, көтерме сауда және көлік салаларын белсенді түрде қаржыландырды, бұл тиісті салалардың несиелік портфельдерінің өсуіне ықпал етті. Сонымен қатар, банк «Даму» қоры арқылы ШОБ-ты қолдау бағдарламаларына қатысады, бұл да оның нәтижелеріне оң әсерін тигізеді. Айта кетейік: «Даму» қорынан ҚР ЕДБ қаржыландырудың жалпы көлемі 350,4 млрд теңгеден асты, бұл соманың ішінде ForteBank 83 млрд теңге немесе бүкіл қаржыландырудың 24%-ын алды, бұл айтарлықтай үлкен сома. Қаражат негізінен шағын компанияларды қолдауға бағытталды, бұл банктің елдегі кәсіпкерлікті дамытуға және шағын кәсіпкерлікті нығайтуға бағдарланғанын көрсетеді.
Несиелеудің әртараптандырылған тәсілінің және бизнеспен белсенді жұмыстың арқасында ForteBank банк секторындағы ең жоғарғы өсу қарқынын көрсетуде.

Жыл басынан бері несие портфелінің өсімі бойынша екінші орында Freedom Bank тұр: плюс 21,3%, 1 трлн теңгеге дейін. ҚР ЕДБ жиынтық несие портфеліндегі банктің үлесі 2,4%-ды құрады.
Сондай-ақ үздік бестікке Kaspi Bank (плюс 19,6%, 7,2 трлн теңгеге дейін), Bank RBK (плюс 18,8%, 1,3 трлн теңгеге дейін) және Банк ЦентрКредит (плюс 11,8%, 4,5 трлн теңгеге дейін) кірді.
Айта кетейік: қазір еліміздің банк секторында 23 ЕДБ бар, олардың ішінде шетел қатысуымен 15 қаржы институты, оның ішінде 10 еншілес банк бар.
Сонымен, соңғы жылдары Қазақстандағы банктік несиелеу белсенді өсудің жаңа кезеңін бастан өткеріп жатқанын атап өтуге болады. Қаржы институттары ауыспалы экономикалық жағдайларға бейімделе отырып, қарыз беру көлемін ұлғайтып қана қоймай, сонымен қатар шағын және орта секторды қоса алғанда, бизнесті қолдауды кеңейтуде. Бұл кәсіпкерлік белсенділікті нығайтуға, негізгі салаларды дамытуға ықпал етеді және жалпы алғанда ел экономикасына оң әсерін тигізеді.
Несиелендірудің өсуі қаржы жүйесіне деген сенімді қалпына келтірудің индикаторына және Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуының маңызды факторына айналды.

 
 
