Қазақстан халқы депозиттерді көбірек аша бастады

Фото: https://www.shutterstock.com/

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша халықтың Қазақстан банктеріндегі салымдары 22,4 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан бері өсім 9,6%-ды құрады.

Екінші деңгейдегі банктер тұрғысынан алсақ, жыл басынан бері 14 банк оң динамика көрсетсе, ал 7 банк минусқа кетті.

Еліміздегі ірі банктердің ішінде жыл басынан бері жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Bereke Bank абсолютті көшбасшы атанды, салымдар бірден 30,8%-ға, 562,3 млрд теңгеге дейін артты. Еліміздегі басқа үздік банктермен салыстырғанда, бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Сонымен қатар, аталған қаржы институты бір айдың қорытындысы бойынша да үздік нәтиже көрсетті, салым 5,1%-ға көбейді.

Банктегі салымдардың мұндай өсімі, ең алдымен, халықтың банкке артқан сеніміне, сондай-ақ банк ұсынатын тиімді өнімдерге байланысты. Мысалы, Bereke Bank нарықта 18,2%-ды құрайтын ең жоғары мөлшерлемемен (СЖТМ) «Сәлем» депозитін іске қосты. Мұндай өнімдер жаңа клиенттердің келуіне ықпал етеді.

Жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша екінші орынға Halyk Bank орналасты, салымдар жыл басынан бері 12,4%-ға, 6,4 трлн теңгеге дейін көбейді. Ал үшінші орынға Банк ЦентрКредит жайғасты, өсім 12%-ды құрады.

Үздік бестікке Bank RBK (12%-ға өсті) және Kaspi Bank (10,8%-ға өсті) те енді.

Қазақстан халқы депозиттерді көбірек аша бастады

Жалпы алғанда, халықтың екінші деңгейдегі банктердегі салымы қарқынды түрде артып келеді. Жыл басынан бері салымдар көлемі 9,6%-ға ұлғайды, ал жылдық динамикада бұл көрсеткіш 20%-ды құрайды. Аталған сома бес жыл ішінде 2,5 еседен астам көбейген.

Сондай-ақ, жеке тұлғалардың ҚР ЕДБ-дағы салымдарының үлесі 58%-ды құрады.

Азаматтардың еліміздің қаржы жүйесіне деген сенімі, цифрлық қызметтерді дамыту және нақты өнімдерді енгізу осындай оң нәтиже беріп отыр.

Қазақстан халқы депозиттерді көбірек аша бастады