2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, қазақстандық екінші деңгейлі банктердің реттеуші меншікті капиталы бір айда 3,4% өсіп, 6,8 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім бірден 18,5%-ды құрады.
ҚР-ның екінші деңгейлі 10 жетекші банкінің ішінде меншікті капиталдың ай сайынғы ең үлкен өсімін Отбасы банк көрсетті: бірден 8,9% көбейген.
Бұл ретте Jusan Bank реттеуші меншікті капиталдың ай сайынғы өсімі бойынша екінші орында: 6,8% көбейген. Үздік үштікті 6,1% өсіммен Kaspi Bank жабады.
Үздік бестікке ЦентрКредит банкі (3%) және Halyk Bank (2,2%) кірді.
Жалпы, Қазақстанның банк секторында капитал қоры жеткілікті. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19%, ал меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 21,6%, бұл орта есеппен заңнамада белгіленген нормалардан айтарлықтай асып түседі және банктерге барлық ықтимал тәуекелдерді жабуға мүмкіндік береді.
Банктер үшін реттеуші меншікті капиталдың маңызы — қаржы институттарының сенімділігі мен тұрақтылығын және олардың клиенттерін қорғауды қамтамасыз етуде.