Биыл 1 сәуірге қарай ҚР ЕДБ активтері жыл басынан бері 62 трлн теңгеге жуықтап, 0,7%-ға (немесе 428,1 млрд теңгеге) көбейді.
Ағымдағы жылы активтердің өсімі бойынша ForteBank сенімді түрде алға шықты: бірден плюс 9%-ға (немесе сектор үшін рекордтық 370,1 млрд теңге), 4,5 трлн теңгеге дейін өсім көрсетті.
Сондай-ақ жыл басынан бері көрсеткіштердің өсімі бойынша көшбасшылар үштігіне Отбасы банк (плюс 2% немесе 83,9 млрд теңге) және Halyk Bank (плюс 1,9% немесе 338,2 млрд теңге) енді. Bereke Bank-те де 0,1%-ға (немесе бар болғаны 1,5 млрд теңге) шағын өсім байқалды.
Жалпы, сектор бойынша Қазақстандағы 21 ЕДБ-ның 11-і жылдық динамикада активтерін ұлғайтты, ал қалған 10 қаржы институтының активтерінің көлемі қысқарды. Үздік ондыққа енетін 6 банктің көрсеткіштері төмендеді. Толығырақ төмендегі кестеде берілген.

Ал ҚР ЕДБ кредиттік портфелі жыл басынан бері 2,4%-ға (немесе айтарлықтай 846,4 млрд теңгеге), рекордтық 36,7 трлн теңгеге дейін артты. Жыл басынан бері 12 қаржы институты оң көрсеткішке қол жеткізді, оның ішінде кредитор банктердің үздік ондығына енетін 6 ЕДБ бар.
Сектордағы ірі банктердің арасында несие портфелінің өсімі бойынша да (активтердей) ForteBank көш бастап тұр: жыл басынан бері 18,1%-ға (немесе 344,4 млрд теңге), 2,2 трлн теңгеге дейін өсім көрсетті. Қаржы институты консервативті кредиттік саясатты ұстанады, портфелінің сапасы жақсы, ал NPL 90+ төлем мерзімі өтіп кеткен кредиттерінің үлесі ең төменгі шекті көрсетуде, 3%-ды құрайды.
Айта кетерлігі, нарықта банктің бірегей ұсыныстары бар, мысалы — бизнеске арналған ақшаны шешіп алу мүмкіндігі бар кредиттік карта. Жеке кәсіпкерлерге арналған бұл кредиттік бизнес-карта бойынша 10 миллион теңгеге дейін лимит, 30 күндік грейс-кезең белгіленіп, картаны тегін шығару және оған тегін қызмет көрсету, сондай-ақ ForteBusiness қосымшасында жылдам онлайн-ресімдеу мүмкіндіктері беріледі. Жалпы, ForteBank халыққа «қысқа» және «ұзақ» мақсаттарға кредит береді, сонымен қатар ипотека мен автокредит, сондай-ақ бизнеске, оның ішінде кредиттік қолдауға мұқтаж ШОБ сегментіне де кредит береді.

ҚР ЕДБ арасында жыл басынан бері несие портфелінің айтарлықтай өсімін Freedom Bank (плюс 7,9% немесе 62,8 млрд теңге), Kaspi Bank (плюс 5,9% немесе 356,2 млрд теңге) және Банк ЦентрКредит (плюс 2% немесе 80,1 млрд теңге) көрсетті.
Осы үш қаржы институтының портфельдеріндегі NPL 90+ үлес салмағы 1,7%, 4,9% және де 1,7%-ды, ал сектор бойынша орташа көрсеткіш ҚР ЕДБ-ның жиынтық кредиттік портфелінің 3,4%-ын құрайды. Еліміздегі үздік кредитор банктердің жыл басынан бергі несие портфелінің өсімі туралы толық мәлімет кестеде берілген.