Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, ҚР ЕДБ депозиті шамамен 32 трлн теңгеге жетті. Көрсеткіш бір айда 1,9% көбейді. Елдегі 21 банктің 15-і өсім көрсетті, қалған 6 банкте төмендеді. Үздік 10 ЕДБ ішінде 7 банкте депозит көлемі көбейсе, 3-де төмендеді.
Елдегі ірі банктер арасында депозит көлемінің ай сайынғы өсімі ең жоғары Bank RBK-да: бірден 9,1% (немесе 93,6 млрд теңгеге ұлғайған). Өсім корпоративтік (бір айда 12,8%) және бөлшек депозитте де (4%) байқалды. Банкте бизнес пен жеке тұлғаларға арналған өнімдердің кең ассортименті бар. Жеке тұлғаларға арналған мөлшерлемесі жоғары депозиттерінің ішінде Safe депозитін атауға болады. Ұлттық валютадағы ЖТСМ 17,2%-ға жетеді. Депозитті My RBK мобильді қосымшасы арқылы немесе банктің кез келген бөлімшесіне барып ашуға болады.
Депозиттердің ай сайынғы өсімі бойынша ҚР-дағы үздік 10 ЕДБ арасында екінші орынды Kaspi Bank иеленді: 8% көбейген. Үздік үштіктегі Еуразиялық Банк депозиті 5% көбейді.
Жалпы, сыртқы күйзелістерге және геосаяси белгісіздікке қарамастан, елдің банк секторы тұрақтылық танытып отыр. Айлық өсіммен қатар, жылдық динамикада да ҚР ЕДБ депозиттердің айтарлықтай өсімі байқалды: бірден 20,7% көбейген. Бұл ретте бес жыл ішінде депозит көлемі 89,2%, ал он жылдықта 3 еседен астам ұлғайды.
Сонымен қатар, халықтың депозитін депозиттерді міндетті кепілдендіру жүйесі қорғайды. Бұл жүйенің қорғауында тек банк депозиті ғана кірмейді. Қор жеке тұлғалардың, оның ішінде жеке кәсіпкерлердің барлық ағымдағы шоттарындағы ақшаға, оның ішінде төлем карталарындағы белгілі бір сомаға кепілдік береді.
Осылайша, депозит көлемінің айтарлықтай көбеюі салымшылардың Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімін, сондай-ақ сенімді инвестициялық құрал ретінде депозиттің тартымдылығын көрсетеді. Уақытша белгісіздік пен геосаяси толқулар кезеңінде мұндай өсім ҚР ЕДБ тұрақтылығы мен бекемдігін байқатады.