Қазақстан банктері бюджетке 700 миллиард теңгеден астам сомада салық төледі

Фото: https://www.shutterstock.com/

Қазақстанның банк секторы ел экономикасында қаржылық жүйенің жұмыс істеуі тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге бюджетті толтыру тұрғысынан да маңызды рөл атқарады. Көптеген ҚР ЕДБ елдің 300 негізгі салық төлеушісі тізіміне кіреді, тіпті олардың кейбіреулері бюджетке ең көп сома төлеушілер болып табылады.

Бұл шолуда ҚР үздік банктері мен банк холдингтері ел бюджетін салық аударымдары арқылы қандай сомаға толықтырғанын қарастырамыз.

Әдіснаманы түсіндірейік: бұл жолы біз банктердің өздерін, сол сияқты тиісті банк холдингінің еншілес ұйымдарын да ескердік, өйткені олар қаржы институты құрылымының бір бөлігі болып табылады — бұл көріністі толығымен көруге мүмкіндік береді. Еншілес ұйымдар туралы ақпаратты біз 2023 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілік бойынша аудиторлық есептерден алдық. Ал әр ұйымның, оның ішінде банктердің және басқа да еншілес ұйымдарының салық аударымдары туралы мәліметтерді ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің деректерінен алдық.

Біз жүргізген талдауға сай барлық ҚР ЕДБ арасында өткен жылы ең ірі салық төлеуші қаржытех компания Kaspi.kz болды: 2023 жылдың қорытындысы бойынша Kaspi.kz тобының салық аударымдарының сомасы 230 миллиард теңгеден асты. Kaspi.kz құрамына қызметін Қазақстан аумағында жүзеге асыратын 11 еншілес ұйым кіреді (шетелдік «еншілестері» белгілі себептермен есепке алынбады).

Екінші орынды Halyk тобы — Halyk Bank пен еншілес ұйымдары иеленді: 2023 жылдың қорытындысы бойынша салық сомасы 222 млрд теңгеден асты. ҚР-дағы 10 еншілес ұйым есепке алынды.

Kaspi.kz пен Halyk төлеген салықтың жалпы сомасы 450 млрд теңгені немесе еліміздегі ең ірі 12 банк төлеген барлық салықтың 64 пайызын құрады.

Үздік үштікті BCC тобы: ЦентрКредит Банкі және төрт «еншілесі» тұйықтады, салық сомасы 64,6 млрд теңге. Сондай-ақ алғашқы бестікке Отбасы банк (еншілес ұйымдары жоқ дербес ұйым: 38,4 млрд теңге) және Еуразиялық Банк тобы (37,8 млрд теңге) кірді.

Отбасы банктен бөлек еншілес ұйымдары жоқ басқа да ЕДБ бар екенін айта кету керек — Ситибанк Қазақстан (өзі американдық «еншілес» болып табылады), Bereke Bank және Altyn Bank (Қытайдың еншілес қаржы институты).

Қаржы институттары мен олардың еншілес ұйымдары бойынша салықтар жайлы неғұрлым толық ақпаратты біздің сайтымыздан мына жерден көруге болады.

Сонымен, елдің банк секторы бюджетті миллиардтаған сомаға толықтырып жатқаны және Қазақстан экономикасының негізгі донорларының бірі болып табылатыны айдан анық.

Қазақстан банктері бюджетке 700 миллиард теңгеден астам сомада салық төледі

Жалпы, ҚР ЕДБ белсенділігі және олардың ел экономикасындағы рөлі жүйелі түрде артып келеді. Мәселен, 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің активтерінің сомасы бір жылда 21,4%-ға, 58,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ал бес жылдық кезеңде активтер бірден 2,2 еседен астамға өсті.

Сонымен қатар ҚР ЕДБ активтерінің елдің ЖІӨ-ге арақатынасы бір жылда 43,1%-дан 46,5%-ға дейін өсті, бұл айтарлықтай маңызды көрсеткіш.

Қазақстан банктері бюджетке 700 миллиард теңгеден астам сомада салық төледі