Қазақстан банк секторының дамуы қарқындады: халық ҚР ЕДБ-ға 23 триллион теңге сеніп тапсырды

Фото: https://www.shutterstock.com/

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанның екінші деңгейдегі банктеріндегі халықтың салымдары 23 трлн теңгеден асты. Жыл басынан бері санағанда, өсім 13,1%-ды құрады. ҚР екінші деңгейдегі банктеріндегі көрсеткіштер әртүрлі.

2024 жылы жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша Home Credit Bank көш бастады: жыл басынан бері олардың көлемі 39,7%-ға, 452,8 млрд теңгеге дейін өсті, бұл банк секторы бойынша орташа өсімнен бірнеше есе көп. Банк өнімдеріне деген мұндай сұраныс негізді. Біріншіден, бұл халықтың сенімді әрі тұрақты деп сипатталатын еуропалық банкке артқан сенімі. Екіншіден, банк халыққа салымдар бойынша сектордағы ең жоғары мөлшерлемелерді ұсынады. Мәселен, «Сберегательный акционный» депозиті бойынша СЖТМ 17%-18%-ды, «Сберегательный Хоум» бойынша 15%–17,5%-ды, «Простой» салымы бойынша 14,8%-ды құрайды.

Жеке тұлғалардың салымдарының өсімі бойынша екінші орынға Bereke Bank орналасты: жыл басынан бастап плюс 39,4%, 599,2 млрд теңгеге дейін.

Үздік үштікті Алматы қаласындағы Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі түйіндейді: жыл басынан бастап плюс 23,4%. Сондай-ақ алғашқы бестікке Bank RBK (плюс 17,7%) және KZİ Bank (плюс 17,7%) енді.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері ҚР ЕДБ-ның алтауы минусқа кетті. Толығырақ төменде көрсетілген ақпараттық кестеде берілген.

Қазақстан банк секторының дамуы қарқындады: халық ҚР ЕДБ-ға 23 триллион теңге сеніп тапсырды

Жалпы, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның банк секторы халық салымдарының жоғары өсімін көрсетіп келеді. Себебі анық — азаматтардың еліміздегі бірқатар банктерге деген сенімі артты, қаражатты үнемдеуге және жинақтауға арналған тиімді өнімдердің болуы, сондай-ақ цифрлық қызметтердің дамуы және салымдарды ашу ыңғайлы бола түсті. Соңғы бес жылда ҚР ЕДБ-дағы халықтың салымдарының көлемі жылына орта есеппен 20%-ға артып келеді, ал алдыңғы бесжылдықта орташа жылдық өсім тек 16,4%-ды құрады.

Сонымен қатар Қазақстан банктеріндегі салымдардың жалпы көлеміндегі жеке тұлғалардың салымдарының үлесі де артуда. Мәселен, 2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бөлшек депозиттердің үлес салмағы 58%-ға жетті. Мәлімет үшін: 2020 жылдың дәл осындай кезеңінде еліміздің банктеріндегі халық салымдарының үлесіне сектордың депозиттік базасының 50%-ы, 2015 жылы 42,3%-ы, 2010 жылы 32,2%-ы ғана тиесілі болды.

Демек, жеке тұлғалардың салымдары ҚР ЕДБ-ны қорландырудың негізгі көзіне айналуда.

Қазақстан банк секторының дамуы қарқындады: халық ҚР ЕДБ-ға 23 триллион теңге сеніп тапсырды