Халықтың мерзімді депозиттері 15 триллион теңгеге жақындады. Көш басында қай банктер?

Фото: https://www.shutterstock.com/

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, ел тұрғындарының ҚР ЕДБ-дегі мерзімді депозиттері 14,9 трлн теңгеге жуықтады. Бір айда бұл көрсеткіш 2,5% өсті.

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер арасында жеке тұлғалардың мерзімді депозиттерінің ай сайынғы өсімі бойынша Bereke Bank көш бастап тұр: бірден 10,4% көбейіп, 257,5 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банктің депозиті 87,4% өсті. Банк тартымды шартпен жинақ салымдарының екі түрін ұсынады: «Пайдаңды жіберіп алма» және «Сақтау». Салымды ішінара толықтыруға болмайтын бірінші депозит бойынша ЖТСМ — 17,2%-дан, ал толықтыруға мүмкіндігі бар екінші депозит — 17%-дан басталады.

Ай сайынғы өсім бойынша үздік үштікке KZI Bank (8%) және ВТБ банкі (7,45%) кірді, екеуі де шетелдік еншілес ұйымдар.

Алғашқы бестікке жеке тұлғалардың депозиттері 5,65% өскен Bank RBK және 4,5% өскен Еуразиялық Банк кірді.

Халықтың мерзімді депозиттері 15 триллион теңгеге жақындады. Көш басында қай банктер?

Ай сайынғы өсіммен қатар, жеке тұлғалардың мерзімді депозиттері ұзақ мерзімді динамикада да айтарлықтай өсті. Мәселен, бір жылда бұл сома бірден 31,2%, ал бес жылда бірден екі еседен астам өсті.

Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) мерзімді депозитке орналастырылған ақшаның және жинақталған сыйақылардың сақталуын қамтамасыз ететінін атап өткен жөн:

  • 10 млн теңгеге дейінгі сомадағы депозит (жинақталған сыйақыны қосқанда) — толық қорғалады;
  • 10 млн теңгенің депозиті де толық қорғалған, бірақ сыйақы ең жоғары кепілдік берілген сомадан асып кетеді;
  • депозит 10 млн теңгеден асса, мысалы, 11 млн теңге болса — 10 млн теңгесі ғана қорғалады. 1 млн теңге кепілдіктің максималды сомасынан асып кетіп тұр. Мұндай жағдайда ҚДКҚ бұл ақшаның қайтарылуына кепілдік бере алмайды.
Халықтың мерзімді депозиттері 15 триллион теңгеге жақындады. Көш басында қай банктер?