2023 жылы Қазақстан гендерлік теңдік индексі бойынша 146 елдің арасында 62-орында болды (бір жыл бұрын 65-орын болған). ҚР индексі максимум 1 балдан 0,721 балл болды.
Әлем бойынша үздік көрсеткіштер Исландия (0,912 балл), Норвегия (0,879 балл), Финляндия (0,863 балл), Жаңа Зеландия (0,856 балл) және Швецияда (0,815 балл).
ТМД елдері арасында Беларусь (41-орын), Армения (61-орын) және Қазақстан мен Украина (66-орын) үздік орындарға ие. Одан кейін үлкен айырмашылықпен Қырғызстан (84-орын), Әзірбайжан (97-орын) және Тәжікстан (111-орын) тұр.
Әйелдер үшін ең нашар елдер — Алжир, Чад және Ауғанстан.
Индекс жыл сайын гендерлік тепе-теңдіктің қазіргі жай-күйі мен эволюциясын төрт негізгі өлшем бойынша бағалайды: экономикалық қатысу және мүмкіндіктер, білім деңгейі, денсаулық пен өмір және саяси мүмкіндіктер.
Биыл 29 қарашада Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) бағдарламасы алғаш рет гендерлік теңдікті насихаттағаны үшін марапат табыстады. Марапат ОАӨЭЫ он елінен он бір ұйым мен жеке тұлғаға берілді. Марапаттау рәсімі Грузия астанасы Тбилисиде өтті.
Бұл құрметті марапатқа ие болған жалғыз қазақстандық ұйым — Отбасы банкі. Қаржы институты қазақстандық әйелдерге қолжетімді баспана сатып алу мүмкіндігін беру арқылы пайда әкелетін «ҰМАЙ» ипотекалық бағдарламасының табыстылығымен танылды.
Естеріңізге сала кетейік: Отбасы банкі Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп «ҰМАЙ» ипотекалық бағдарламасын жүзеге асыруда. Үш жыл ішінде жоба Қазақстанның 3,5 мыңнан астам тұрғынына ірі қалаларда ғана емес, облыс орталықтары мен шағын қалаларда үй алуға мүмкіндік берді (АДБ қаражаты есебінен 3 283 әйел, жалпы 3 575 әйел — АДБ қаражаты, АДБ қайтарылатын қаражаты, сондай-ақ Отбасы банкі қаражаты есебінен, 12.01.2023 ж.).
Отбасы банкі АДБ-мен әйелдерге жалпы сомасы 38 млрд теңге несие беру туралы келісімге отырды. 2021 жылы 8,4 млрд теңге көлеміндегі бірінші транш игерілді, 954 несие берілді. 2022 жылы 14 млрд теңге көлеміндегі екінші транш игерілді, 1120 несие берілді. Биылға 15,6 млрд теңге сомасында үшінші транш бөлінді.
ОАӨЭЫ сыйлығы күнделікті өмірде, жұмыс орнында және қоғамда гендерлік теңдікті, тең құқықтар мен мүмкіндіктерді ілгерілетудегі ерекше күш-жігерді бағалайды. Бұл ОАӨЭЫ елдерінде гендерлік теңдікті ілгерілетуде елеулі табыстарға қол жеткізген адамдарды тану және құрметтеу міндеттемесін көрсетеді.
Басқа елдер мынадай марапат алды:
- Gender Hub Azerbaijan — әйелдер құқықтарын қорғағаны және дамытқаны үшін;
- Women’s Information Center – Грузиядағы гендерлік теңдікті ілгерілеткені үшін;
- Юньнань провинциясындағы Waipula Village, Қытай — әйелдердің экотуризм бастамасы үшін;
- Қырғызстан әйелдер қоғамдастықтарының ұлттық федерациясы (ҚӘҚҰФ) — гендерлік зорлық-зомбылықпен күрескені, жасөспірім неке және қыз алып қашу мәселелеріне назар аударғаны үшін;
- және т. б.
Әйелдерге арналған «ҰМАЙ» ипотекасының шарттары өте икемді. Ол жылдық 14,4% мөлшерлемемен (ЖТСМ — 15,4%-дан бастап) бастапқы жарнасыз қолжетімді және несие сомасының 50%-ын жинақтағаннан кейін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі ретінде жұмыс істейді және ондағы тиімді мөлшерлеме ең төменгі небәрі 3,5%-дан басталатын көрсеткішке дейін төмендейді (ЖТСМ — 3,6%-дан бастап). Толығырақ шарттар инфографикада берілген.
Айта кету керек, гендерлік теңдік БҰҰ ТДМ-да қарастырылғандай, кез келген мемлекеттің тұрақты дамуының негізі: «5-мақсат: гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтарын кеңейту». ESG (Қоршаған орта, әлеуметтік және басқару) қағидаттарын ұстанатын компаниялар гендерлік теңдік пен барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге белсенді түрде ұмтылуда.
Отбасы банкі ҚР-дағы бірнеше жылдар бойы ұстанып келе жатқан өзінің тұрақты ESG стратегиясы бар санаулы банктердің бірі және алған марапаты заңды түрде қаржы институтының осы саладағы жетістіктерін көрсетеді.