2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, ҚР ЕДБ-дегі заңды тұлғалардың депозиті 13,9 трлн теңге болды. Көрсеткіш үш жыл өсіп, қазір төмендеп отыр. Заңды тұлғалар депозиті бір жылда 5,8% немесе 861,3 млрд теңгеге қысқарды.
Жалпы, ҚР-дағы 21 ЕДБ ішінде 12 банк өсім көрсетті, ал 9 қаржы институтының көрсеткіші кері кетті, олардың көпшілігі алғашқы ондыққа кіреді.
Осылайша, заңды тұлғалардың депозиті ең көп өскен банк Home Credit Bank: бір жылда 5,8 еседен астам, 39,2 млрд теңгеге дейін.
Биыл қаржы институты кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа қызметтерді енгізуге ерекше көңіл бөлуде, бұл басқалармен қатар заңды тұлғалардың депозитінің осылай артуына себеп болды. Біз жақында Home Credit Bank ШОБ үшін арнайы жаңа цифрлық банкті — Home Credit Business іске қосқанын жазғанбыз. Сіз небәрі шотты бес минут ішінде аша аласыз. Қызмет қазақстандық кәсіпкерлер үшін күнделікті қаржылық операцияларды жеңілдеткен.
Заңды тұлғалардың депозит көлемінің өсімі бойынша екінші орында Шинхан Банк Қазақстан: бір жылда 5,7 есе, 443,2 млрд теңгеге дейін.
Үздік үштікті 2,3 есе өсіммен Заман-Банк ислам банкі жапты. Корпоративтік депозит өсімі бойынша үздік бестікке ВТБ банкі мен Отбасы банкі де кірді.
Бұл ретте заңды тұлғалардың депозиті көлемінің ең көп төмендеуі Қазақстандағы Қытай банкінде болды: минус 38,8%. Ақшалай түрде Halyk Bank-тегі заңды тұлғалардың депозиті ең көп төмендеді: бірден минус 817 млрд теңге.
Ескерту: ҚР ЕДБ жиынтық депозит портфеліндегі бизнес депозитінің үлесі тарихи минимумға жетті: биыл қыркүйек айының соңында 42,7%, бір ай бұрын 43,5%, бір жыл бұрын 50,1% және он жыл бұрын 61,8% болған.