Қазақстанда бизнеске кредит беру экономиканы дамытуда шешуші рөл атқарады әрі компанияларды өсуі, модернизациясы және кеңеюі үшін қаржыландыруға қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Осыған байланысты қаржыландырудың ең қолжетімді түрлерінің бірі — банктік кредиттер.
Қазіргі уақытта ШОБ және жеке кәсіпкерлер үшін кепілсіз кредиттерді Қазақстан Республикасының 21 ЕДБ-ның 11-і ұсынады.
Минималды мөлшерлемемен ең тиімді қарызды ForteBank ұсынады: СЖТМ 19,61%-дан басталады. Ол маркетплейстердегі сатушыларға арналған. Кредитті жеке кәсіпкерлер де, ЖШС да 20 млн теңгеге дейінгі сомада 36 айға дейінгі мерзімге ала алады. Кредитке өтінімді ForteBusiness мобильді қосымшасы мен Forte.kz сайты арқылы беруге болады.
Бұдан бөлек ForteBank барлық басқа ШОБ өкілдері үшін де кепілсіз кредит ұсынады. Мұнда да мөлшерлеме банк секторындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі: СЖТМ 25,6%-дан басталады.
Сондай-ақ Freedom Bank (СЖТМ — 21,8%-дан басталады), Банк ВТБ Қазақстан (СЖТМ — 27,8%-дан басталады) және Нұрбанкті (СЖТМ — 28,9%-дан басталады) атап өткен жөн.
ШОБ және жеке кәсіпкерлер үшін ҚР ЕДБ кредиттері туралы толығырақ ақпарат төменде өнім картасында берілген.

Тұтастай алғанда, Қазақстанның банк секторында бизнесті несиелендірудің қарқынды өсуі байқалады. 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша бизнеске арналған банк кредиттерінің портфелі 14,9 трлн теңгені құрады. Бір жыл ішінде олардың көлемі 16,2%-ға өсті. Бұл ретте айлық динамикада елеусіз қысқару тіркелді. Бұл корпоративтік сектордағы кредиттік белсенділіктің маусымдық баяулауына, қолданыстағы кредиттердің жоспарлы өтелуіне, сондай-ақ теңгенің нығаюы аясында валюталық кредиттерді қайта бағалауға байланысты.
