2023 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, ҚР ЕДБ депозиттерінің жалпы сомасы 32,5 трлн теңгеге жетті, бұл жыл басындағы көрсеткіштен 2,9% артық. Үздік он банктің ішінде тек бесеуі ғана өсім көрсетті, қалған бесеуі тиісінше төмендеген.
Депозит көлемінің ең үлкен өсімі Kaspi Bank-те: жыл басынан бері қаржы институтының депозиті 20,4% көбейіп, 5 трлн теңгеге жетті. Бұл ретте көрсеткіш бір айда 4,7%, бір жылда 41,2% көбейді. Қазақстанның банк секторындағы Kaspi Bank депозиттерінің үлесі жыл басынан бері 13,2%-дан 15,5%-ға дейін өсті.
Екінші орында Еуразиялық банк: бір жылда 11,7% көбейген, 2,1 трлн теңгеге дейін. Банктің сектордағы үлесі 6,5%.
Одан кейін ЦентрКредит банкі: жыл басынан бері қаржы институтындағы депозит 10% көбейіп, 3,5 трлн теңгеге жетті. ҚР банк секторындағы үлесі 10,8%.
Отбасы банкі мен ForteBank та депозитіг тиісінше 9,3% және 4% өсірді.
Ал бұл ретте Bereke Bank, Ситибанк Қазақстан, Bank RBK, Jusan Bank және Halyk Bank депозиті азайды. Бұл қаржы институттарының депозиттерінің жалпы сомасы жыл басынан бері 1,3 трлн теңгеге азайған.
Жылдық динамика бойынша ҚР ЕДБ депозиттері 10,5% өскенін, ал бес жыл ішінде өсім 95,4%-ды құрағанын атап өткен жөн.
Мұндай динамика салымшылардың банк жүйесіне және жалпы сектордың дамуына деген сенімін көрсетеді.