Басқа әлемдік іс-шаралар бойынша билет бағдарламаларын шолу

212 просмотров

2015-2016 жылдар маңызды оқиғалармен есте қалды – бұл Евровидение 2015 әндер байқауы; Миландағы «ЭКСПО-2015» бүкіләлемдік көрмесі; Рио-2016 жазғы олимпиада ойындары және Футбол бойынша Еуропа чемпионаты 2016. Бұл оқиғалардың барлығы мәдени-жаппай сипатқа ие. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шараларды өткізу кезінде билеттердің 70-75 % жергілікті деңгейде өткізіледі, бұл қолжетімді баға туралы мәселені туындатады.

Ішкі нарықтағы сұраныстың жоғары деңгейін құру үшін Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушылары арнайы билет бағдарламасын бекітті, оның арқасында билеттің орташа бағасы 10,6 еуроны құрайды, ал Миландағы «Экспо-2015» көрмесінде билеттің орташа құны – 45 еуроны, Евровидение 2015 -те – 132 еуроны, Рио-2016-да - 21,1 еуроны, Еуро-2016-да - 219 еуроны құрады. 10 желтоқсанда Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді офф-лайн сату басталды.