Банктерге деген сенім нығайып келеді: Қазақстандағы депозиттер көлемі 45 триллион теңгеден асты

Фото: https://www.shutterstock.com/

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істеп тұр, оның 15-сі шетелдік қатысуы бар банктер, сондай-ақ 10 еншілес банк бар.

Ағымдағы мәлімет бойынша ҚР ЕДБ-дағы салымдар рекордтық 45,7 трлн теңгеге жетті, бұл өткен аймен салыстырғанда, 2,2%-ға көп. Өсім негізінен еліміздің ең ірі банктері есебінен қалыптасып отыр: банк секторының депозиттік қорының 90%-ы үздік 10 қаржы институтының үлесінде.

Еліміздегі жетекші банктердің арасында салымдардың көлемі бойынша ең жоғары өсімді ForteBank көрсетті, салымдар 7,8%-ға ұлғайып, 3,4 трлн теңгеге жетті, бұл сектордағы орташа көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Қаржы институты халыққа салымның барлық түрін ұсынады: икемді (қаражатты шешіп алуға және толықтыруға болады), мерзіміне қарай СЖТМ — 15,6%-ға дейін және жинақ (қаражатты шешіп алу мүмкіндігінсіз), СЖТМ — 18,4%-ға дейін. Ал заңды тұлғалар үшін мынадай өнімдер бар: Forte Comfort (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі бар), мерзіміне қарай СЖТМ — 17,23%-ға дейін; Forte Capital (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі жоқ), СЖТМ — 18,1%-ға дейін; сыйақы мөлшерлемесі құбылмалы салым (қосымша толықтыру және ішінара шешіп алу мүмкіндігі бар), СЖТМ — 18,39%-ға дейін.

Салымдардың жалпы көлемінің өсімі бойынша екінші орынға Bank RBK орналасты: салымдар 7,1%-ға артып, 1,6 трлн теңгеге жетті.

Үздік үштікті Alatau City Bank түйіндейді, салымдары 4%-ға артты. Үздік бестікке Halyk Bank (плюс 3,7%) және Freedom Bank (плюс 3,1%) енді.

Банктерге деген сенім нығайып келеді: Қазақстандағы депозиттер көлемі 45 триллион теңгеден асты

Соңғы жылдары Қазақстан банктеріндегі салымдар тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, 2025 жылдың қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша депозиттердің жалпы көлемі бір жылда 18,2%-ға артқан, ал соңғы бес жылда бұл көрсеткіш екі еседен астам өскен.

Банк депозиттерінің өсімін арттыратын негізгі факторларға тоқталайық.

  1. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер.
    Бүгінде банктер қаражатты тиімді сақтау мүмкіндіктерін ұсынуда, әсіресе, базалық мөлшерлеменің жоғары деңгейде сақталуы депозиттерді қаражат жинақтаудың тиімді құралына айналдырып отыр.
  2. Банк жүйесіне деген сенім.
    Қаржы саласының тұрақтылығын арттыру, банктерге деген сенімнің нығаюы және салымдарды сақтандыру жүйесінің сенімді жұмысы халықты қаражатын банктерде сақтауға ынталандырып отыр.
  3. Цифрлық сервистердің дамуы.
    Қолайлы онлайн-арналар — мобильді қосымшалар мен интернет-банкинг депозит ашу және оны басқару жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетті.
  4. Қаражаттың қауіпсіздігі мен қорғалуы.
    Депозиттерді Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырады, бұл депозиттерді ең сенімді қаржы құралдарының бірі етеді.
  5. Өтімділік және қолжетімділік.
    Салым түріне қарай қаражатты қалаған уақытта толықтыруға және шешіп алуға болады.
  6. Ыңғайлылық және айқындық.
    Депозиттер арнайы білімді қажет етпейді, тәуекел деңгейі төмен, ал шарттары ашық әрі клиентке алдын ала белгілі.
  7. Әртүрлі мүмкіндіктер және бәсекелестік.
    Банктер әртүрлі депозиттерді ұсынады — мерзімді, жинақтық, валюталық және пайызы капиталдандырылатын — бұл әркімге депозиттердің өзіне қолайлы түрін таңдауға мүмкіндік береді.
  8. Қосымша бонустар және ниеттестік бағдарламасы.
    Кейбір банктер депозитте қаражаты бар клиенттері үшін жоғары бонус, кешбэк және басқа да қызықты сыйақылар түрінде артықшылықтар ұсынады.
Банктерге деген сенім нығайып келеді: Қазақстандағы депозиттер көлемі 45 триллион теңгеден асты