Банктердің кредиттері 44 триллион теңгеге жуықтады: нарыққа шолу

Фото: https://www.shutterstock.com/

2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді, олардың ішінде шетелдік қатысуы бар 14 қаржы институты бар, оның 10-ы еншілес банк болып табылады.

ҚР ЕДБ-ның несие портфелі, «кері РЕПО» операцияларын қоса алғанда, 2026 жылғы 1 мамырда 43,8 трлн теңгеге жетіп, жыл басынан бері 0,8%-ға немесе 327,5 млрд теңгеге көбейді. Бұл көрсеткіш бойынша 11 банкте өсім байқалса, 12 ЕДБ-ның портфелі жыл басымен салыстырғанда қысқарды.

Жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша несие портфелінің өсімі бойынша Home Credit Bank көш бастап тұр: көрсеткіш 9,8%-ға (немесе 93,5 млрд теңгеге) артып, 1,05 трлн теңгеге жетті. Тек сәуір айының өзінде банктің несие портфелі 3,9%-ға ұлғайды. Ал 2025 жылғы мамыр айының басымен салыстырғанда қаржы институтының қарыздар көлемі 25,7%-ға өсті.

Home Credit Bank жеке тұлғалар мен бизнеске арналған қарыздардың кең ауқымын ұсынады. Мәселен, халық үшін 10 мың теңгеден 9,5 млн теңгеге дейін онлайн-қарыздар, кредиттерді қайта қаржыландыру, сондай-ақ тауарлар, қызметтер және туристік турлар ақысын бөліп төлеу қызметтері қолжетімді. Бизнес үшін кәсіпкерлерге өз тауарлары мен қызметтерін кез келген банктің клиенттеріне бөліп төлеуге және кредитке сатуға мүмкіндік беретін QR-бөліп төлеу жүйесі жұмыс істейді.

Жыл басынан бергі несие портфелінің өсімі бойынша екінші орынға Қазақстан банк секторындағы жаңа ойыншы — өткен жылы микроқаржы ұйымынан ЕДБ санатына өткен KMF Банк орналасты: өсім 7%-ды құрап, 355,5 млрд теңгеге жетті.

Үздік үштікті Еуразиялық Банк түйіндеді: өсім 4,9%-ды, 1,68 трлн теңгені құрады.

Алғашқы бестікке аталған қаржы институттарымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде жұмыс істейтін Отбасы банк (плюс 4,4%) және Банк ЦентрКредит (плюс 4%) енді.

Толық ақпарат кестеде берілген.

Банктердің кредиттері 44 триллион теңгеге жуықтады: нарыққа шолу

Төлем мерзімі 90 күннен астам кешіктірілген қарыздардың (NPL 90+) Қазақстан банктерінің жиынтық несие портфеліндегі үлесі 4,1%-ды құрады, жыл басында бұл көрсеткіш 3,6% болған еді, яғни аздаған өсім байқалды.

Сонымен қатар 2026 жылғы мамыр айына қарай ЕДБ-ның экономикаға берген кредиттер портфелінің көлемі 40,7 трлн теңгеге жетті (жыл басынан бері 1,1%-ға өсті), өсімге негізінен халыққа берілген қарыздар көлемінің ұлғаюы ықпал етті.

Экономикаға берілген кредиттер портфелінің құрылымында негізгі үлесті халыққа берілген тұтынушылық және өзге де қарыздар (44,5%), сондай-ақ бизнес субъектілеріне берілген қарыздар (37,8%) құрайды. Мәлімет үшін: ұлттық валютадағы кредиттер көлемі 36,9 трлн теңгеге, ал шетел валютасындағы кредиттер 3,7 трлн теңгеге жетті.

Банктердің кредиттері 44 триллион теңгеге жуықтады: нарыққа шолу