Қазақстандық банктердегі бизнестің депозиті биыл 1 мамырда 13,8 трлн теңге болды. Бұл бір ай бұрынғыдан бірден 2,8% (немесе 403 млрд теңгеге) аз. Алғашқы ондықтағы екі банкте ғана көрсеткіш оң, соның тек біреуінде ғана өсім айтарлықтай.
Үздік он банктің ішінде бизнестің депозитінің бір айлық өсімінде Bereke Bank көш басында: бір айда 2,3% ұлғайып, 800,4 млрд теңгеге жетті. Ескерту: жылдық динамикада да банктің көрсеткіші бірден 6,6 есе өсіммен көш бастап тұр. Сонымен қатар банк депозиттің жалпы көлемінің өсімінен де көш басында.
Bereke Bank бизнеске бір күннен үш немесе одан да көп жылға дейінгі мерзімге ұсынады. Депозитті толықтыруға да, шешіп алуға да болады. Ұзақ мерзім сақтауға да, аз уақыт сақтай тұруға да мүмкіндік бар. Заңды тұлғалар да, жеке кәсіпкерлер де тегін онлайн-шот ашып, B-Business онлайн-банкингін пайдалана алады.
Ай сайынғы өсім бойынша екінші орында Halyk Bank: 0,4% көбейіп, 5 трлн теңгеге жетті. Бір жыл ішінде банк портфелін 1,3% ұлғайтты.
Қалған он банкте бизнестің депозиті бір айда азайып кетті. Ай сайынғы динамика бойынша жалпы сектордағы алғашқы 10 банктің 8-і және 21 ЕДБ-нің 13-і көрсеткішін әлсіретті.
Еске салайық, жыл басында заңды тұлғалардың депозит көлемінің динамикасы біркелкі болмады — мысалы, қаңтарда көрсеткіш бір айда 2,1% төмендеп, ақпанда тағы 4,7% азайып, наурызда 3,6% көбейіп, сәуірде қайта азайған.
Жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі аясында ҚР ЕДБ жиынтық депозиттік портфеліндегі бизнестің үлесі айтарлықтай төмендеуде және сәуір айында бар болғаны 44,4%-ды құрады, бұл рекордтық төмен көрсеткіш. Бір ай бұрын жалпы депозиттік портфелдегі заңды тұлғалардың үлесі 45,3%, бір жыл бұрын — 48,6%, бес жыл бұрын — 50,2%, он жыл бұрын — 61,8% болған.