2025 жылдың қорытындысы: ҚР ЕДБ пайдасы. Қазақстан банктері арасында ең жоғары өсім көрсеткен банктер

Фото: https://www.shutterstock.com/

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан банктерінің таза пайдасы 2,7 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда, шамамен 7%-ға өсті. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 4,2%-ды, капиталдың рентабельділігі (ROE) 28,4%-ды құрады. Ал ҚР ЕДБ балансы бойынша меншікті капитал 10,6 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 19,1%-ға өскен.

Айта кетерлігі, жалпы пайда көлемінің 87%-нан астамын немесе 2,3 трлн теңгені меншікті капиталының көлемі бойынша үздік ондыққа кіретін банктер қамтамасыз етті. Енді пайдасын жоғары мөлшерде арттырған ЕДБ-ны қарастырайық.

Еліміздегі ірі банктердің арасында Home Credit Bank көшбасшы атанды: бір жылда пайдасы 23,7%-ға өсіп, 43,4 млрд теңгеге жетті. Айта кетерлігі, өткен жыл аталған қаржы институты үшін маңызды оқиғамен есте қалды: Home Credit Bank-тың 100% акциясын қазақстандағы жетекші ЕДБ-ның бірі ForteBank сатып алды.

Өткен жылдың желтоқсанында Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Home Credit Bank-тың кредиттік рейтингісін «BB−» деңгейінде «Тұрақты» болжаммен растады. Бұл шешім акционерлерді ауыстыру жөнінде мәміле аяқталғаннан кейін қабылданды. Агенттіктің айтынша, расталған рейтинг Home Credit Bank-тың қаржылық тұрақтылығын, капиталы мен өтімділігінің жеткілікті деңгейін және меншік құрылымы өзгерген кезеңде операциялық тұрақтылықты сақтай алғанын көрсетті. Сонымен қатар Fitch Ratings жаңа акционер тарапынан көрсетілетін қолдауды да есепке алды.

2025 жылдың қорытындысы: ҚР ЕДБ пайдасы. Қазақстан банктері арасында ең жоғары өсім көрсеткен банктер

2025 жылдағы пайда өсімі бойынша екінші орынға Банк ЦентрКредит орналасты: пайдасы 23,1%-ға артып, 240,2 млрд теңгеге жетті. Үшінші орынға 15,6% өсіммен Halyk Bank жайғасты. Үздік бес ЕДБ-ның қатарын ForteBank (плюс 13,9%) және Bank RBK (плюс 13,4%) толықтырды.

Қарастырылып отырған он банктің ішінде жылдық динамика бойынша жеті қаржы институты пайдасын арттырса, ал үш банктің көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Жалпы сектор бойынша қазақстандағы 23 ЕДБ-ның 22-сі пайда көрсетті, ал бір банк шығынға ұшырады (БиЭнКей Коммерциялық Банкі, нарықтағы жаңа ойыншы болғандықтан, оның нәтижелері біраз уақыттан кейін болады).

2025 жылдың қорытындысы: ҚР ЕДБ пайдасы. Қазақстан банктері арасында ең жоғары өсім көрсеткен банктер

Түсіндіріп өтейік, пайда банктің қаншалықты тұрақты екенін, тәуекелдерді жабуға, резервтер қалыптастыруға және қиын кезеңдерден қосымша қолдаусыз өте алу қабілетін көрсетеді. Жүйелі түрде жоғары және тұрақты пайда сектордың шығындарды өздігінен өтеу мүмкіндігін білдіреді, мерзімі өткен қарыздардың өсуінен бастап макроқұбылыстарға дейінгі кезеңде төтеп бере алады.

Пайда арқылы қаржы институтының бизнес-моделінің сапасы бағаланады әрі бұл көрсеткіш капиталмен тікелей байланысты. Банктер меншікті капиталын тек пайда есебінен арттырып қана қоймай, реттеуші нормаларды сақтайды және кредит пен басқа да қызметтердің көлемін арттыруға мүмкіндік алады. Экономика тұрғысынан ЕДБ-ның табыстылығы банктік секторды инфрақұрылым ретінде қаншалықты өміршең екенін көрсетеді: цифрландыруға, тәуекелдерді басқаруға және ұзақмерзімді өнімдерге инвестиция жасау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Тағы бір айта кетерлігі, соңғы жылдары қазақстандағы ЕДБ-ның пайдасы тұрақты әрі жоспарлы өсім көрсетіп келеді. Кестеден көрініп тұрғандай, сектордағы пайда көрсеткіштері 2018 жылдан бері оң деңгейде қалыптасып, тек 2020 жылғы «коронадағдарыс» кезеңінде аздап төмендеген. Пандемиямен байланысты дағдарыс та, кейінгі геосаяси оқиғалар да ЕДБ-ның жалпы тұрақты пайдасына әсер еткен жоқ. Сектордағы оң жағдайды халықаралық сарапшылар да атап көрсетеді. Мысалы, өткен жылдың желтоқсанында S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан банктер секторындағы салалық тәуекелдердің дамуы жөніндегі болжамын «Тұрақты» деңгейден «Оң» деңгейге көтерді.