Бүгінде әлемде 9 ядролық держава бар. Барлық ядролық қарудың 89%-ы тек АҚШ пен Ресейде ғана шоғырланған. Сонымен қатар, егер РФ-да жалпы ядролық оқтұмсық ең болса (5,9 мың бірлік, АҚШ-та 5,2 мың бірлік), орналастырылған оқтұмсықтар ең көп АҚШ-та (1,8 мың бірлік, Ресейде 1,7 мың бірлік). Бұл екі елден басқа, ядролық қару Франция мен Ұлыбританияда да орналастырылған: тиісінше 280 бірлік және 120 бірлік.
Сонымен қатар, Қытай (410 бірлік), Пәкістан (170 бірлік), Үндістан (164 бірлік), Израиль (90 бірлік) және Солтүстік Кореяда (30 бірлік) жалпы ықтимал ұрысқа дайын 864 бірлік ядролық қару бар.
2023 жылдың басында, Стокгольм бейбітшілікті зерттеу институтының (SIPRI) бағалауынша, ядролық державаларда жалпы саны 12,5 мыңнан астам ядролық оқтұмсық болды, алайда бұл былтырғыдан 1,5% аз.
Бұл ретте ұрысқа жарамды ядролық оқтұмсықтар бір жылда 1,4% көбейіп, 9,6 мыңға жетті. Оның ішінде 3,8 мың оқтұмсық орналастырылған күйде, яғни зымырандарға орналастырылған немесе жедел әрекет ететін базаларда орналасқан. Олардың саны бір жылда 3% өсті. Орналастыруға дейін дайындауға уақыт қажет болатын орталық қоймалардағы оқтұмсықтардың саны іс жүзінде өзгеріссіз қалды: 5,7 мың бірлік.