Биыл қаңтар–мамырда Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 10,7 млрд АҚШ долларын құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 21,6% артық.
Тауар айналымының басым бөлігін экспорт құрады, ол бір жылда 4,1% азайып, 4,9 млрд АҚШ доллары болды. Қазақстаннан Қытайға экспорттың жалпы ел экспортындағы үлесі 15,4%.
Импорт 56,3% өсіп, 5,9 млрд АҚШ долларына жетті. Ел импортының құрылымындағы Қытайдың үлесі 24,2%.
Битумды минералдардан алынған шикі мұнай мен мұнай өнімдері Қазақстаннан Қытайға құндық мәнде экспорттың негізгі бөлігін құрады: 1,3 млрд АҚШ доллары, бұл былтырғымен салыстырғанда 16,4% аз.
Тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары екінші орында (676,6 млн АҚШ доллары, бір жылда 41,9% төмендеген), ал бейорганикалық химикаттар үшінші орында (388,3 млн АҚШ доллары, 2,4 есе көбейген).
Бұл ретте Қазақстан Қытайдан киім-кешек және басқа да трикотаж бұйымдарын импорттауда белсенді: 441 млн АҚШ доллары, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,4 есе көп.
Сонымен қатар, Қытайдан телефон, автокөлік, есептеу машиналары мен олардың блоктары, сондай-ақ моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары көбірек сатып алынды.