Қазақстан экономикасы орташа еркін елдерің қатарында

Фото: https://www.shutterstock.com/

Wall Street Journal газеті және Heritage Foundation зерттеу орталығы жүргізетін жыл сайынғы зерттеуге сәйкес, экономикалық еркіндіктің жаһандық орташа индексі 2022 жылғы 60 балдан 2023 жылы 59,3 балға дейін төмендеді. Рейтингке 184 мемлекет қатысса, 8 ел бойынша деректер жоқ.

Алған балл неғұрлым жоғары болса, рейтинг соғұрлым жоғары. 100 балл — абсолютті еркін экономика, 0 балл — деспотиялық экономика. 2023 жылғы рейтингте экономикасы еркін елдер тізімінде небәрі 4 мемлекет (80 балдан жоғары) болды: Сингапур (83,9 балл), Швейцария (83,8 балл), Ирландия (82 балл) және Тайвань, ҚХР (80,7 балл).

ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында Армения 65,1 балмен 50-орынға тұрақтады. Одан кейін Қазақстан 62,1 балмен 71-орында. Бір жыл бұрын Қазақстан 64,4 балмен 64-орында болған. Экономикасы орташа еркін елдер тізіміне Армения мен Қазақстан ғана кірді (60 балдан 69,9 балға дейін).

Түрікменстаннан басқа ЕАЭО және Орталық Азияның басқа елдері экономикасы еркін еместігі басым елдердің тізімінде (50- балдан 59,9 балға дейін): Өзбекстан (109 орын, 56,5 балл), Қырғызстан (115 орын, 55,8 балл), Ресей (125 орын, 53,8 балл), Беларусь (145 орын, 51 балл) және Тәжікстан (146 орын, 50,6 балл). Түрікменстан экономикасы деспотиялық (0 балдан 49,9 балға дейін) елдер тізіміне еніп, 46,5 балл индексімен 161-орынға тұрақтады. Соңғы 176-шы орында, индексі небәрі 2,9 балды құраған Солтүстік Корея, сондай-ақ ең нашарлардың қатарында Куба (24,3 балл), Венесуэла (25,8 балл) және Судан (32,8 балл) бар.

Қазақстан экономикасы орташа еркін елдерің қатарында