2023 жылдың басында қылмыс индексі рейтингінде Қазақстан 142 елдің ішінде 48-орынға тұрақтады. Қазақстанның индексі 52,7 болды. Көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, елдегі қылмыс деңгейі соғұрлым жоғары деген сөз.
Индекс сауалнама негізінде елдегі қылмыстың жалпы деңгейін көрсетеді. Рейтинг құрастырушылар 20-дан төмен болса қылмыс деңгейі өте төмен, 20-дан 40-қа дейін — төмен, 40-тан 60-қа дейін — орташа, 60-тан 80-ге дейін — жоғары, 80-нен жоғары — өте жоғары деп санайды.
ТМД елдерінің ішінде Беларусь пен Қырғызстанда қылмыс деңгейі Қазақстаннан жоғары, ал Молдова, Украина*, Ресей және Өзбекстанда бізден қауіпсізірек.
Венесуэла, Папуа — Жаңа Гвинея және Ауғанстан «ең қылмыскер» елдер болса, Катар ең қауіпсіз ел.
* Украина бірқатар себептерге байланысты ТМД-да даулы мәртебеге ие.
![«Ең қылмыскер» елдер: Қазақстан қай орында?](https://ranking.kz/wp-content/uploads/2023/02/1kz-4.png)