2027 жылға қарай жаһандық электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК нысандарының үлесі 38%-ға жетеді

Фото: https://www.shutterstock.com/

28 просмотров

Халықаралық энергетикалық агенттік (ХЭА) «таза» энергетиканы дамыту бойынша өз болжамдарын жаңартты. ХЭА 2021 жылдың желтоқсанында жасалған алдыңғы баяндамадағы болжаммен салыстырғанда, әлемде ЖЭК нысандарының қуаттылығының өсу болжамын 30%-ға арттырды.

Болжам бойынша, 2022–2027 жылдары әлемде жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қуаты 75% немесе 2400 ГВт-қа артады. Агенттіктің болжамынша, жаһандық электр энергиясын өндірудегі ЖЭК нысандарының үлесі 2021 жылғы 25%-дан 2027 жылы 38%-ға дейін өседі. Алдағы 5 жылда әлемде ЖЭК нысандарының қуаттылығы алдыңғы 20 жылдағыдай қосылады, деп хабарлайды агенттік.

Сонымен қатар, bp.com мәліметінше, әлемде ЖЭК нысандары арқылы электр энергиясы өндірісі 2021 жылы 3,7 трлн кВт⋅сағ-қа жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 16,2% артық. Салыстыру үшін: 2020 жылы 3,1 трлн кВт⋅сағ электр энергиясы өндіріліп, көрсеткіш 12,4% өскен.

Жалпы, ЖЭК нысандары арқылы электр энергиясын өндіру жылдан жылға артып келеді. 2021 жылдың көрсеткіштері 2016 жылмен салыстырғанда 50,6%, 2011 жылдағыдан — 4 есе, 2001 жылдағыдан — 15,8 есе, 1991 жылдағыдан — 28,8 есе, 1981 жылдағыдан — 68,4 есе, 1971 жылдағыдан — 131,1 есе өсті.

2027 жылға қарай жаһандық электр энергиясы өндірісіндегі ЖЭК нысандарының үлесі 38%-ға жетеді